157
12.2 Сілтемелерді ресімдеудің техникалық жағы
Енді сілтемелерді ресімдеудің техникалық жағына келейік. Бұл – қиын
жұмыстардың бірі. Кей зерттеушілердің ресімдеуге
қойылатын талаптар
туралы түсінігі аз, ал кейбірі бұл жұмысты орындауға ерінеді немесе
соншалықты мән бермейді. Мән бермеудің зардаптары үлкен. Жекелеген
ғылыми журналдар библиографиялық тізімді ресімдеуге өте қатаң қарайды.
Басты қиындық пайдаланылған әдебиетті ресімдеудің бірыңғай стандартының
жоқтығынан туындайды.
Әр ғылыми журналдың, әр басылымның өз
талаптары бар, сондықтан дайын жұмысты баспаға жібермес бұрын
журналдың
кез келген санын ашып, ресімдеу стандартымен танысып алған
жөн. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің талабы бойынша сілтеме мәтін ішінде беріледі, мысалы, [1, 47-б.].
Нүкте жақшаның сыртына қойылады. Мұндағы бірінші сан – дереккөздің
библиографиялық
тізіміндегі реті, екінші сан – мәтіннің нақты фрагменті
алынған бет нөмірі. Егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз,
олар нүктелі үтір арқылы ажыратылып беріледі. Мысалы: [1, 2-3-б.]; [2, 37-б.];
[3, 44-б.] немесе [1, 2-3-б.; 2, 37-б.; 3, 44-б.].
Сілтемелердің реті мен бет нөмірін берудің жиі қолданылатын 3 тәсілі
бар. Мысалы, сіз жұмысыңызда ретімен Е. Нұрекенге, Ж. Оржановаға,
Б. Бахтиярға, сосын қайтадан Е. Нұрекенге сілтеме жасадыңыз делік.
Бірінші тәсіл
– сілтемелерді бүкіл мәтін бойында беру. Мысалы:
Мәтін [1, 36-б.] ... мәтін [2, 15-б.] ... мәтін [3, 42-б.] ... мәтін [4, 17-б.].
Библиографиялық тізім:
1 Нұрекен Е. Жылу электр стансаларының қазандық қондырғылары:
Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 126 б.
2 Оржанова Ж. Электр энергиясын тарату және жіберу: Оқу
құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2017. – 90 б.
3
Бахтияр Б. Жылу электр стансаларында тәсілдемелік
құбылыстарды жүзеге асыру: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 76 б.
4 Нұрекен Е. Жылу электр стансаларының қазандық қондырғылары:
Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 126 б.
Байқап отырғаныңыздай, бұл оңтайлы тәсіл емес, себебі бір дереккөзге
бірнеше рет, қайта-қайта сілтеме жасасаңыз, пайдаланылған әдебиет тізім де
ұзақ болады. Оның үстіне
ішінен бір бөлікті алып тастап, не орнын
алмастыратын болсаңыз, сілтемелердің нөмірлерін де, тізімдегі ретін де
ауыстыруға тура келеді.
Екінші тәсіл
– библиографиялық тізімді сілтеменің негізгі мәтінде
қолданылу реті бойынша беру. Сілтеме беруді
бірінші нөмірден бастаймыз,
кейін екінші, сосын үшінші. Ал бірінші дереккөзге мәтін соңында тағы
сілтеме жасайтын болсаңыз, мәтін ішінде тағы да бір санын қоясыз. Мысалы:
Мәтін [1, 36-б.] ... мәтін [2, 15-б.] ... мәтін [3, 42-б.] ... мәтін [1, 17-б.].
Библиографиялық тізім:
158
1 Нұрекен Е. Жылу электр стансаларының қазандық қондырғылары:
Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 126 б.
2 Оржанова Ж. Электр энергиясын тарату және жіберу: Оқу
құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2017. – 90 б.
3 Бахтияр Б. Жылу электр стансаларында тәсілдемелік
құбылыстарды жүзеге асыру: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 76 б.
Үшінші тәсіл
– библиографиялық
тізімде әліпби тәртібімен беру, ал
мәтін ішінде тізімге сәйкес нөмірлеу. Бұл кезде мәтін ішінде сілтемелер кез
келген нөмірден басталуы мүмкін. Мысалы:
Мәтін [12, 102-б.] ... мәтін [3, 42-б.] ... мәтін [1, 36-б.].
Библиографиялық тізім:
1 Бахтияр Б. Жылу электр стансаларында тәсілдемелік
құбылыстарды жүзеге асыру: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 76 б.
3 Нұрекен Е. Жылу электр стансаларының қазандық қондырғылары:
Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 126 б.
12 Стояк В., Абильдинова С. Жылумен жабдықтау негіздері: Оқу
құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2012. – 88 б.
Тағы да қайталап айтамыз: сілтемелер
мен библиографиялық тізімді
ресімдеудің қазақстандық стандарты бойынша пайдаланылған әдебиет тізімі
үтірмен бөлініп, төртбұрышты жақшаның ішінде берілген сілтемелердің мәтін
ішінде кездесу реті бойынша құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: