З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет81/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
Академ

Мәтін ішінде 
Қолданылған әдебиеттер 
тізімінде 
Сондықтан 
кейбір 
ғалымдардың 
пікірінше, жалқаулық адам ағзасына 
демалыс қажет болғанда пайда болады [7]. 
Мәселен, 
М.Берендеева 
еңбекқор 
6. Берендеева М. (2004) Лень – 
это полезно: Курс выживания 
для 
ленивцев. 
– 
Москва: 
Книжкин дом, Эксмо, 2004.


160 
адамдарды бақылай отырып, олардың 
шаршаған кезінде ағзаларының жұмыс 
жасаудан бас тарта бастайтынын анықтап, 
жалқаулықты ағзаның өзін-өзі қорғау 
реакциясы деп көрсетеді [6]. 
–74 c. 
7. Ильин Е. (2007) Работа и 
личность. Трудоголизм, пер-
фекционизм, лень. – Алматы: 
Таймас, 2007. – 592 c. 
Академиялық жұмыстарда өзге авторлардың пікірі көрсетілсе, міндетті 
түрде сілтеме жасалуы керек. Ол автордың өз тұжырымын өзге авторлардың 
пікірлерімен дәлелдегенін көрсетеді. Сондай-ақ сілтеме арқылы тұжырымдар 
мен пікірлердің кімдікі екенін анықтауға да мүмкіндік береді. Бұл пікірлер 
немесе ғылыми тұжырымдар жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының 
нәтижесі екенін естен шығармау керек. Сондықтан оларға сілтеме жасаудың 
маңызы зор.
Сонымен қатар тақырыпқа қатысты сілтеме жасау, осы тақырып 
бойынша өзге еңбектерді оқығанын және олармен таныс екенін білдіреді. 
Жазба жұмысындағы сілтемелер, яғни тақырыпқа қатысы бар ойлар 
жұмыстың ғылыми бағытын айқындауға да сеп болады. Жаңа идеялардың 
туындауына және олардың талдануына ой тастайды. Сілтеме жасау жазба 
жұмысында берілген пікірлер мен тұжырымдарға деген сенімділікті де 
арттырады. 
Сілтеме жасау барысында мұқият болу қажет. Себебі мәліметтердің 
көптігінен сілтеме авторларын шатастырып немесе таба алмай қалу қаупі бар. 
Сондықтан әрбір ойдың тұсына оның авторы мен дереккөзін ерінбей жазып 
отырған дұрыс. 
Жазба жұмысындағы өзге авторлардың пікірі әртүрлі дереккөздерден 
алынуы мүмкін. 
Сілтеме алынатын дереккөздерге мыналарды жатқызуға 
болады: 
-
ғылыми жинақтар мен журналдардағы мақалалар; 
-
газеттер мен журналдар
-
тарихи және деректі фильмдер, теледидар бағдарламалары, 
жарнамалар; 
-
хаттар, электрондық жазбалар, онлайн пікір алмасу форумдары; 
-
жеке сұқбаттар; 
-
дәріскердің немесе жетекшінің сөзі (сілтеме жасау үшін ақылдасып алу 
қажет, кейде сілтеме жасау қажет болмауы мүмкін); 
-
деректегі диаграмма, сурет, кесте және т.б. 
Сонымен, 
«Барлық пікірге міндетті түрде сілтеме жасау қажет пе?» 
деген сұрақ туындайтыны сөзсіз, дегенмен мынадай жағдайларда:
-
жалпыға түсінікті, белгілі ұстанымдар мен пікірлерді жазғанда; 
-
жалпыға белгілі мәліметтер мен ақпараттарды (сенімсіз болсаңыз, 
жетекшіден кеңес алыңыз); 
-
студент өзінің бақылау немесе тәжірибе барысында туындаған пікірін 
жазғанда; 
-
студент өз тұжырымын, пікірін, ойын және қорытындысын жазғанда; 


161 
-
өз талдауын немесе тұжырымын бағалау барысында 
сілтеме 
қолданудың қажеті жоқ.
 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Кестедегі әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін 
анықтаңыз. 
№ 
Әрекеттер 
Дұрыс
Бұрыс 

Мен өзге адамның идеясын сілтемесіз 
қолдана аламын. 

Мен жалпыға белгілі немесе жалпы 
қабылданған идеяларға сілтеме келтіруге 
тиіспін. 

Ғылыми мақаладан бірнеше сөйлемді 
сілтеме жасамай көшіріп ала аламын. 

Өзге мәтінді қорытындылап қолдану 
барысында оның дереккөзіне сілтеме 
жасаудың қажеті жоқ. 

Егер сіз өзге автордың пікірімен келісетін 
болсаңыз, оған сілтеме берудің қажеті 
жоқ.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
Сілтеме дегеніміз не? 
2.
Не үшін сілтеме жасау қажет? 
3.
Материалдарға тура немесе жанама сілтеме жасау, парафраз жасау 
дегеніміз не? 
4.
Сілтеме жасаудың стилі қандай? 
5.
Қолданылатын әдебиет дегеніміз не? 
6.
Сілтеме жасамай қолданған (плагиат жасаған) адамға қандай жаза 
қолданылады деп ойлайсыз. Ойыңызды дәлелдеңіз. 
3-тапсырма. Төмендегі мысалдардың ішіндегі қайсысында екі әдебиетке 
сілтеме жасалған? 
1. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық ұялы байланыс 
абоненттері Kсеll мен Асtіv-ке ең жоғары баға берді [3, 89-б.].
2. Ғ. Мамановтың айтуынша, «Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін
дамыту – мемлекеттің экономикасын алға сүйрететін негізгі фактор» [3, 85-б.]. 
3. Ғалымдар ZіgBее технологиясы салыстырмалы түрде төмен 
жылдамдықта деректерді кепілдендірілген қауіпсіз беруге бағытталғанын атап 
көрсетеді [5; 7]. 
 


162 
4-тапсырма. Төменде берілген кітаптың пайдаланылған әдебиеттер 
тізімінде берілу жолына талдау жасаңыз. 
Сагитов П., Жумагулов К., Тойгожинова Ж. Айнымалы токтың электр 
машиналары: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2012. – 81 б. 
 
5-тапсырма. Дипломдық жобаңыздың тақырыбы бойынша сілтеменің 
мәтін ішінде қолданылу ретімен пайдаланылған әдебиеттер тізімін 
құрастырыңыз (10-12 әдебиет).
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Сілтемелерді ресімдеу кезінде орын алатын кемшіліктер. 
2.
Ғылыми жұмыста дәйексөз қолданудың маңызы. 
3.
Библиографиялық тізімді ресімдеудің техникалық ережелерін 
сипаттаңыз. 
4.
Плагиатпен күресудің жолдары. 
5.
Төл сөздерді қалай қолдануға болады? 
6.
Парафраз дегеніміз не? 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді қалай аталады? 
а) дәйексөз 
b) дереккөз 
с) тірек сөз 
d) автор сөзі 
е) төлеу сөз 
2. Сілтеменің негізгі неше түрі бар? 
а) 6 
b) 3 
с) 4 
d) 5 
е) 2 
3. Дәйексөз қандай формада берілетіндігін көрсетіңіз. 
а) автордың жазу стилін сақтап, дереккөздегі қалпындағы 
грамматикалық формада 
b) автордың жазу стилін өзгертіп беру формасында 
с) өзгертілген грамматикалық формада 
d) қандай да бір материалдарға сілтеме жасамау формасында 
е) ішінара өзгертуге болатын формада 


163 
4. Дәйексөз ретінде алынған сөйлем ұзақ болған жағдайда қандай шарт 
қойылатындығын көрсетіңіз.
а) керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына «қысқартылды» деп 
жазу шарты 
b) керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына көп нүкте қою 
шарты
с) керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына қос нүкте қою шарты 
d) керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына нүктелі үтір қою 
шарты 
е) керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына тік жақша қою 
шарты 
5. Тура дәйексөздің жанама дәйексөзден айырмашылығын көрсетіңіз. 
а) өзгенің мәтіні сөзбе-сөз беріліп, тырнақшаға алынады 
b) сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді 
с) дәйексөз тырнақшаға алынбайды
d) мәтін өзгертіліп жазылып, тырнақшаға алынады
е) өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып, еңбектің 
қысқаша мазмұны беріледі 
6. Сілтемедегі бірінші сан нені білдіретіндігін табыңыз. 
а) жарияланымның жалпы бет саны 
b) мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі 
с) жарияланымның шыққан жылы 
d) дереккөздің библиографиялық тізіміндегі реті
е) әдебиеттер тізіміндегі әдебиет саны 
7. Сілтемедегі екінші сан нені білдіретіндігін көрсетіңіз. 
а) әдебиеттер тізіміндегі әдебиет саны 
b) дереккөздің библиографиялық тізіміндегі реті 
с) мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі
d) жарияланымның жалпы бет саны 
е) жарияланымның шыққан жылы 
8. Жанама дәйексөздің тура дәйексөзден айырмашылығы 
а) сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді 
b) сілтеме жасалған мәтіннің сөзі өзгертілмей беріледі 
с) мәтін өзгертіліп жазылып, тырнақшаға алынады 
d) өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып, еңбектің 
қысқаша мазмұны беріледі 
е) бұндай жұмысқа сілтеме жасалмайды 


164 
9. Бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасалған жағдайда, олар 
қандай тыныс белгісімен ажыратылып беріледі? 
а) сұрақ белгісімен 
b) қос нүктемен 
с) көп нүктемен 
d) үтірмен 
е) нүктелі үтірмен
10. Дәйексөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану қалай 
аталады?
а) плагиат 
b) дереккөз 
с) дәйексөз 
d) сілтеме 
е) плагиат емес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет