З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет50/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
Академ

 


96 
8.4 Академиялық материалдар 
Ақпараттың сенімділігіне көз жеткізу міндеті көп жағдайда студенттің 
өзіне жүктеледі. Сондықтан оқыған материалдарына күмән келтірмеуі үшін 
мынадай жайттарды білгені жөн: 
-
студент мәтінді кімнің жазғанын білуі қажет және оның авторы осы 
тақырыпты терең білетін адам болуы керек. Авторы белгісіз материалдардың 
сапасы төмен болуы өз алдына, негізсіз, жалған деректер де берілуі мүмкін; 
-
кейде ескі, бірақ теориялық тұрғыдан құнды пікірлер жазылған 
мәтіндерді оқуға және қолдануға тура келеді (бірақ қолданылған 
әдебиеттердің басым көпшілігі соңғы жылдары жарияланған материалдар 
болуы тиіс); 
-
біржақты пікірді ұстанудан сақтану, ол үшін сыни оқылым қағидасын 
естен шығармау керек (біржақты пікірлер негізінен бұқаралық ақпарат 
құралдарында жиі кездеседі); 
-
материалдың бастапқы дереккөзін тауып оқыған жөн. Өзге 
авторлардың материалдарына сілтеме жасап, өз еңбегіңізде қолданғыңыз 
келсе, оларды дереккөздері арқылы тауып алу керек. Бұл материалдардың 
сенімділігін арттырады. 
Академиялық тұрғыда сенімді жазылған материалдарды анықтай 
алудың маңызы зор. Кейбір материалдарда күмәнді мәліметтер кездесуі 
мүмкін. Ғылыми жұмыстарда сенімді әрі академиялық мәтіндерді қолдануға 
тура келеді. Бұл дегеніміз – жарыққа шықпай тұрып тәжірибелі мамандарға 
тексертілген кітаптар мен мақалалар. Мәселен, кітап басылмас бұрын осы 
саланың білікті маманынан пікір алынады, ал ғылыми журналдарға 
жарияланатын мақалалар арнайы редакциялық алқаның тексеруінен өтеді. 
Мұндай әдебиеттер академиялық тұрғыда сенуге болатын материалдар болып 
саналады. Қазіргі уақытта онлайн кітаптар мен журналдар да көп. Олардың 
баспа түріндегі нұсқасы мен электронды нұсқасының арасында айырмашылық 
болмайды. 
Академиялық тұрғыдан күмән келтіретін материалдарға мыналарды 
жатқызуға болады: 
-
газеттер; 
-
журналдар («Жалын», «Парасат» және т.б.); 
-
компаниялар мен кәсіпорындардың веб-сайттары; 
-
қоғамдық мекемелер мен қайырымдылық қорлардың сайттары; 
-
студенттердің эсселері мен жазба жұмыстары; 
-
уикипедия және т.б. 
Академиялық жұмыс жазу барысында күмәнді материалдарды 
қолданбау және сенімді материалдарды таба білу – студенттің 
жауапкершілігіндегі шаруа. Ал дұрыс материал табу жұмыстың сапалы 
шығуына жол ашады. 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет