Өндірістік (оқу) тәжірибесінен өтетін студенттерге арналған нұсқаулық 1. Оқу үрдісінің теориялық пәндерін өтуімен бірге өндірістік (оқу) тәжірибесінің өтуі теориялық білімді бекіту мен тереңдету мақсатында өткізіледі және барлық студенттер үшін міндетті болып табылады.
2. Өндірістік (оқу) тәжірибесіне барар алдында студент деканатқа келіп, келесі құжаттарды алуға міндетті:
а) тәжірибе бағдарламасы;
б) диплом жұмысы бойынша жеке тапсырма;
в) тәжірибе күнделігі;
г) тәжірибеге жіберу туралы анықтама.
3. Тәжірибеге дайындықты жетілдіру мақсатында студент алдағы жұмыстардың мазмұны мен бағдарламасымен танысып, ұсынылған анықтамалық және негізгі әдебиеттерді жинап, зерттеп, тәжірибе жетекшісінен жұмыстарды ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша кеңес алуы керек.
4. Өндірістік (оқу) тәжірибесінің күнделігін студент жеке өзі толтырады. Орындалған жұмыстар туралы жазбалар күн сайын жасалады және практика жетекшісінің қолымен бекітіледі. Тәжірибені аяқтағаннан кейін студент өз жұмысының сипаттамасын тәжірибе өтетін органның жетекшісінен (жеке парақта жазылу керек) алуға міндетті.
5. Есепте студент келесі сұрақтарға жауап береді:
а) тәжірибе туралы жалпы ақпарат, тәжірибені өткізу тәртібі мен мерзімдері;
б) жұмыстың мақсаттары мен міндеттері;
в) өндірістік жұмыстың әдістері (зерттеу);
г) жеке тапсырмалардың мазмұны мен орындалуы туралы қысқаша есеп беру, істердің жекелеген санаттары үшін талдау және қорытынды жасау.
6. Диплом жұмысының тақырыбына сәйкес жеке тапсырмалар бойынша есепті студенттің жеке өзі дайындайды және рәсімдейді.
7. Тәжірибенің аяқталуы бойынша студент деканатқа келесі құжаттарды тапсыру керек:
а) күнделік;
b) өндірістік (оқу) тәжірибесі туралы есеп;
в) тәжірибе жетекшісінің мінездемесі.
8. Студент жеке өзі өндірістік (оқу) тәжірибесі туралы есепті қорғайды, ол профессор (доцент) басшылығымен заң факультеті арнайы ұйымдастырған комиссиямен жүзеге асырылады, онда тәжірибе 100 баллдық жүйені (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) және жария түрде өтеді.
9. Қанағаттанарлықсыз баға алу және тәжірибе есебін тапсырмау тәжірибені қайтадан өтуге әкеп соқтырады. Тәжірибені қайтадан өту туралы уақытты әр студенттің демалысында факультет деканаты тарапынан белгіленеді.
10. Егер студент тәжірибеге немқұрайлылық танытса, тәжірибе бағдарламасына сәйкес тәртіптің бұзылуы немесе бағдарламадағы құжаттар толығымен сәйкес еместігі орын алса, студент қайтадан оқу жылына қалдырылады немесе бұзушылықтың сипатына қарай шығарылады.
11. Теориялық курстардағы емтихан бағаларымен тең дәрежеде стипендия тағайындау туралы мәселені қараған кезде тәжірибе нәтижелерінің бағалары ескеріледі.