Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 а бөліп шығару Мектеп



Дата20.01.2020
өлшемі63,22 Kb.
#56219
түріСабақ
Байланысты:
Био Бөліп шығару Бөліп шығару жүйесі қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3 А Бөліп шығару



Мектеп: №33 ЖОББМ КММ



Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің аты жөні: Чакеева Е.С.

Күні:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері : тыныс алу фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері Зертханалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың
бөліп шығару өнімдерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстыру;

  • ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру;

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атау

  • өсімдіктер мен жануарлардың
    бөліп шығару өнімдерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • ағзалардың тіршілігіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттайды

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атайды

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстырады

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттейді

Тілдік мақсаттар




Оқушылар орындай алады:

  • ағзаның қалдықтардан қалай арылатынын талқылау қажет (айтылым және тыңдалым дағдылары)

  • сонан соң бөліп шығару анықтамасын жазып, олардың қай жерден шығатыны және қандай мүше өнімдерді ағзадан немесе өсімдік ағзасынан шығаратынын сипаттау арқылы кестеге толтыру (оқылым және жазылым дағыдалары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

• бөліп шығару, бөліп шығару өнімдері

• несепнәр, бүйрек, өкпе, көмірқышқыл қос тотығы, тыныс алу

• су


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Бөліп шығару - ...

  • Көмірқышқыл газы ...үрдісінде өндіріледі

  • Су... шығарылады және ...

Жетістік критерийлері

  • Өсімдіктердің және жануарлардың бөліп шығару мүшелерін біледі. Өсімдіктер мен жануарлардын бөліп шығаратын өнімдерді атайды. Өсімдіктер мен жануарлар бөліп шығаратын өнімдердің кейбіреуін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Пәнаралық байланыстар

Заттардың тотығуын оқыту барысында химиямен байланыстыру,газ алмасудағы диффузия процесін физикалық тұрғыдан қарастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint



Бастапқы білім

6-сыныптағы «Биология» курсынан оқушылар тірі ағзалардың қасиеттері, фотосинтез үдерісі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ой қозғау

0-5




  1. Ой шақыру.

  • Оқушылар оқу таныстырылымынан жануарлардың бөліп шығару органын, өсімдіктердің бөліп шығару сызбасын көреді және олардан бөлінетін заттарды атайды.

  • Мұғалім оқушылардан суреттер мен терминдердің өзара байланысын табуды сұрайды. Суреттердің және терминдердің көмегімен «Бөліп шығару» тақырыбы бойынша ЖАДА анықтайды.

  1. Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Таныстырылым



Мағынаны тану

5-7


7-10

10-15


15-20

20-38




  1. Оқушылар өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырады. Алдыңғы сабақтарда өтілген осмостық реттелу, диффузия, осмос, гомеостаз терминдерін бөліп шығару тақырыбымен байланыстырады.

  2. Сызбамен жұмыс. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығару сызбасын талдайды, бұл екі процесті ауызша салыстырады. Сызбаны дәптерге жазады.




  1. Кесте құру. Оқушылар видео көреді және сол бойынша кестені толтырады.

Тірі организм

Бөліп шығару мүшесі

Бөліп шығару өнімдері

Адам







Өсімдік







Нәтижесін өзара тексереді.

  1. Ашық сұрақ. Тірі организмде жүретін бөліп шығару процесін түсіндіреді.

Дескрипторлар.

  1. Өсімдіктердегі бөліп шығару процесін түсіндіру.

  2. Жануарлардағы бөліп шығару процесін түсіндіру.

Ашық сұрақтан бөлек 2 нұсқасы берілген

Өзара тексеру

(M) Практикалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың


бөліп шығару өнімдерін зерттеу»

Қосымша №1

Сызба

Қосымша №2 кесте

«бүйрек» видеосы

https://twig-bilim.kz/film/kidneys-5338/

Стимуляция http://www.edumedia-sciences.com/ru/media/327
Қосымша №3



Рефлексия

38-40





  1. Кері байланыс:



Оқу таныстырылымы






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет