Ортасы
5 мин
3 мин
15 мин
|
2. Жаңа тақырыпты меңгерту
- Суреттер және плакаттар арқылы әңгімелеу тәсілімен жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру
Құрақ—мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі.Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады.
Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 ден аса түрі бар. Соның ішінде төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:
Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай мынандай түрлерге бөлінеді.
.Геометриялық
.Зооморфты
.Өсімдіктектес
.Тұрмыстық
.Космогоникалық
Ақпараттық – технологияларды қолдану.
Бейнебаян көрсету:
|