7.2.1.1
7.2.1.2
|
ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту
ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру
|
Ақпаратты өлшеу бірліктері
(Ұ) Алдыңғы білімдерді еске түсіру үшін оқушылармен «бит» және «байт» түсініктерін қайталаңыз. Оқушылардан өлшем бірліктерін олардың биттегі және/немесе байттағы сандық мәндерімен сәйкестендіруді сұраңыз. Олар қандай өлшем бірліктерімен жиі ұшырасатындығы туралы сұраңыз.
(Т, К) Ақпаратты өлшем бірліктерінің арақатынасын көрсетіңіз. Нақты мысалдармен бір бірліктен басқаларына ауыстыру көрсетіңіз.
(Ж, Қ) Оқушылардан мына мысал бойынша бос орындарды толтыруды сұраңыз:
а) 5 Кбайт = байт; б) байт = 2400 бит;
в) Гбайт =1536 Мбайт
|
Бір-бірімен салыстыру үшін ақпаратты өлшеу бірліктері және олардың сандық мәндері бар карточкаларды ертерек дайындап қойыңыз.
Көмек ретінде Сіз ақпаратты өлшеу бірліктерінің басып шығарылған кестесін ұсына аласыз.
Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне қарай әр түрлі күрделілік деңгейлерінде болуы мүмкін.
|
http://learningapps.o rg/651996 - ақпаратты өлшеу бірліктері
|