7.1.2.1
|
«программалау жүйесі» және
«программалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу
|
(Ұ) Оқушылардан олар білетін немесе естіген программалау тілдерін айтып беруді сұраңыз. Программалау тілдері не үшін керектігі жөнінде және олардың көмегімен қандай тапсырмаларды шешуге болатындығы туралы талқылаңыз.
(Ұ) Оқушыларға сондай-ақ орындаушы командаларының жүйесі туралы еске салыңыз. Оқушылардың программалаудың ойын ортасындағы алдыңғы жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, әр түрлі мысалдар тағдай және жетелеуші сұрақтар қоя отырып, оқушыларды компьютердегі кез келген бағдарламаның белгілі бір құрылымы болуы, командарлардың бірізділігінен тұруы және әр түрлі деректерді пайдалануы туралы түсінікке алып келіңіз.
(Т, К) Программалаудың жоғары және төмен деңгейлі тілдері түсініктерін қарастырыңыз.
Программалау жүйелері
(К, Т) Программалау жүйелерінің мысалдарын көрсетіңіз. Программалау жүйелері мен тілдерінің айырмашылықтарын түсіндіріңіз. Материалды программалау жүйелері мен тілдері компьютерлік модельдеу және программалау арқылы әр түрлі тапсырмаларды шешу үшін құрылғандығы жайлы материалмен жинақтаңыз.
|
Программалау жүйесі мен тілдерін түсіндіру кезінде оқушылардың түсінуі үшін қолжетімді материалды мұқият таңдау керек және «компилятор»,
«интерпретатор» немесе «кіріктірілген әзірлеме ортасы» тәрізді ұғымдарды қарастырмау қажет.
Программалаудың жоғары және төмен деңгейлі тілдерінің айырмашылығы ретінде алғашқылардың бағдарламашы үшін қолайлылығы мен түсініктілігін қарастыру ұсынылады.
Анықтамалық ақпарат:
Программалау жүйесі — бұл нақты программалау тілінде жаңа программалар әзірлеуге арналған жүйе. Бұл жүйелер мыналарды қамтуы мүмкін:
мәтіндік программаларды құру және редакциялау құралдары;
стандартты программалар мен функциялардың кең кітапханалары;
пайдаланушы үшін «достық» диалог ортасы;
көп терезелі жұмыс режімі;
кіріктірілген анықтама қызметі;
басқа арнайы ерекшеліктер.
Тіл – программаны құрайтын жазбалар
|
http://book.kbsu.ru/t heory/chapter6/1_6_ 11.html
|