Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.4 С.Тригонометрия
|
Мектеп: Кемелұлы
|
Күні: 10.02.2020 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Н. Жүсіпов
|
Сынып: 9 Ә
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыш синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.4.2 бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсінің мәндерін табу;
Басым бөлігі: Бірлік шеңберде берілген шартты қанағаттандыратын бұрыштың барлық мәндерін жазу;
Кейбірі: Кез келген нақты сан үшін берілген теңсіздіктердің ақиқат болатындығын дәлелдеу;
|
Бағалау критерийі
|
Oқушы:
- кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсінің мәндерін табады;
- бірлік шеңбердегі берілген шартты қанағаттандыратын бұрыштың барлық мәндерін жазады;
- кез келген нақты сан үшін берілген теңсіздіктердің ақиқат болатындығын дәлелдейді;
|
Тілдік мақсаттар
|
Математикалық терминологияны қолдана отырып бірлік шеңберде тригонометриялық функциялардың өзара байланысын сауатты айтып береді.
Бөлім бойынша лексика және терминология:
-бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі;
-функция;
-бірлік шеңбер;
-координаталық шеңбер;
-ширек;
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
- ... бірлік шеңбер деп аталады;
- бірлік шеңбердің В нүктесінің ординатасы ...
- бірлік шеңбердің В нүктесінің абциссасы ...
- синус -ның косинус -ға қатынасына тең сан ...
- косинус -ның синус -ға қатынасына тең сан ...
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын.
-өзгенің пікірін құрметтеу
-өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Координаталық жазықтық пен бірлік шеңбер салу геометриямен, сызумен тығыз байланысқан.
|
Алдыңғы білім
|
Бірлік шеңбер бойында сандарын белгілейды
Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал «Ыстық лебіз» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Ұқсас ерекшеліктері арқылы топқа біріктіру. Саралау-жіктеу.
Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалім «Сынып көмегі» әдісі арқылы кез келген оқушыдан үйге берілген тапсырманы сұрайды. Жауабы қате болған немесе түсінбеген жағдайда сыныптағы басқа оқушыдан көмек сұралады.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: Өткен сабақты қайталау мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолданамын.
Сұрақтар:
Бірлік шеңбер дегеніміз не?
бұрышының синусы дегеніміз не?
бұрышының косинусы дегеніміз не?
бұрышының тангенсі дегеніміз не?
бұрышының котангенсі дегеніміз не?
ҚБ: Мұғалім ауызша кері байланыс береді.
Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын, сабақ мақсаттарын ашады.
|
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Тақырыпты ашу мақсатында мұғалім BILIMLАND білім беру платформасынан видеоматериал көрсетеді.
|