Класстар және обьктілер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері
1.Туынды класс кезендегі жағдайларды түсіндіретін бағдарлама
2.Туынды класс тікелей екі базалық классқа бағдарламаның қайта өндіретін нұсқасын еөрсетіндер
3.Конструктрлар мен деструктрлар қалай шақырылады
4.Виртуалды базалық класстар
Қазақ ағартушылары туралы
Ел есінде мәңгіге!
- Фариза Оңғарсынқызы (25 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)
Задавайте вопросы по электронной почте
Ссылка на сайт
- Өмір жолы
-
Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.
Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев (1891-1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған.
Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі.
Ал анасы Халима Иманғалиева (1893-1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген.
Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-жылдары дүниеден өткен.
Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар.
Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.
Қызмет жолы
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.
1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.
1996-2004 жж. ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды.
2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті
Әдеби шығармашылығы
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |