Заңғар жалпы орта білім беру мектебі Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінен олимпиадаға дайындауға арналған



бет5/6
Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25068
1   2   3   4   5   6
І-мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін

ІІ-сың,-сің

-сыз,-сіз

ІІІ - жоқ.

Көпше:

І-мыз,-міз,-пыз,-піз,-быз,-біз

ІІ-сыңдар,-сіңдеро

-сыздар,-сіздер

ІІІ - жоқ.

51.Зат есімнің септіктері нешеу? Ата:

-7. Атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.

52.Септік жалғауларын ата:

1.Атау - жоқ

2.Ілік -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің

3.Барыс -ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не

4.Табыс -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

5.Жатыс -да,-де,-та,-те,-на,-не

6.Шығыс -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен

7.Көмектес -мен,-бен,-пен.

53.Зат есімнің септік сұрақтарын ата.

1.Атау Кім? Не?

2.Ілік Кімнің? Ненің?

3.Барыс Кімге? Неге?

4.Табыс Кімді? Нені?

5.Жатыс Кімде? Неде? Қайда?

6.Шығыс Кімнен? Неден?

7.Көмектес Кіммен? Немен?

54.Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?

-Адамның, жануарлардың, заттың атын білдіретін сөздерге қойылады.

55.Адамдарға қандай сұрақ қойылады?

-Кім? Не?

56.Заттар мен жануарларға қандай сұрақ қойылады?

-Не? Нелер?

57.Зат есім деп неге атаймыз?

-Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады.

58.Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

- Кім? Кімдер? Не? Нелер?

59.Зат есімнің түрлерін ата.

-Көпше, жекеше, жанды, жансыз, жалпы, жалқы, негізгі, туынды.

60.Көпше зат есімнің сұрағын ата.

-Кімдер? Нелер?

61.Жекеше зат есімнің сұрағын ата.

-Кім? Не?

62.Жанды зат есімнің сұрағын ата.

-Кім? Кімдер?

63.Жансыз зат есімнің сұрағын ата.

-Не? Нелер?

64.Жалқы есім деп неге айтамыз?

-Кісі, жер, су, жануарларға қойылатын атаулар жалқы зат есім деп аталады.

65.Жалқы есім қандай әріппен жазылады?

-Жалқы есім бас әріппен жазылады.

66.Жалпы есім деп неге айтамыз?

-Жалқы есімнен басқа атаулар жалпы есім деп аталады.

67.Негізгі зат есім деп неге айтамыз?

-Түбір сөзден жасалған зат есімді негізгі зат есім дейміз. М:су, өнер...

68.Туынды зат есім деп неге айтамыз?

-Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды зат есім дейміз. М: сушы, өнерпаз.

69.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

-Кісі, жер, су, жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.

70.Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қандай сөздерге қойылады?

-Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерге қойылады.

71.Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?

-етістік.

72.Етістік сұрақтарын ата.

- Не істеді? Не қылды? Қайтті?

73.Етістік түрлерін ата.

-Дара, күрделі, негізгі ,туынды,болымды,болымсыз.

74.Дара етістік қалай жасалады?

-Бір сөзден жасалады. М: оқыды,жазды.

75.Күрделі етістік қалай жасалады?

-Екі немесе үш, одан да көп сөзден жасалады. М:оқып отыр, жазып тұр.

76.Негізгі етістік қалай жасалады?

-Негізгі етістік түбір сөзден жасалады. М: жүр, оқы.

77.Туынды етістік деп неге айтамыз?

-Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістікті туынды етістік деп айтамыз. М: шегеле, ойлан.

78.Болымды етістік нені білдіреді?

-Іс-әрекеттің орындалуын білдіреді. М: жаз, оқы.

79.Болымсыз етістік қалай жасалады?

-болымды етістікте –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. М: жазба, оқыма.

80.Етістіктің неше шағы бар?Жаз.

-3. Олар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

81.Осы шақ нені білдіреді?

-Осы шақ іс-әрекеттің қазір болып жатқанның білдіреді. Сұрағы: Не істеп отыр(жатыр, тұр, жүр),тб

82.Өткен шақ нені білдіреді?

-Өткен шақ іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді. Сұрағы: Не істедім? Не істедің? Не істеді?

83.Келер шақ нені білдіреді?

-Келер шақ іс-әрекеттің алдыңғы уақытта болатынынбілдіреді. Сұрағы: Не істеймін? Не істейсің? Не істейді?

84.Қандай? Қай? Сұрақтары қандай сөздерге қойылады?

-Заттың сынын, сапасын, түсін, реңін, дәмін, көлемін, пішінін білдіретін сөздерге қойылады.

85.Сын есімнің сұрақтарын жаз.

-Қандай? Қай?

86.Сын есім деп неге айтамыз?

-Заттың сынын, сапасын, түсін, реңін, дәмін, көлемін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейді.

87.Сын есімнің қандай түрлері бар?

-Дара, күрделі, негізгі, туынды, қарсы мәндес сын есім.

88.Дара сын есім деп неге айтамыз?

-Бір сөзден жасалған сын есімді дара сын есім дейді. М: көк, ақ, қою.

89.Күрделі сын есім деп неге айтамыз?

-Екі не одан да көп сөзден жасалған сын есімді күрделі сын есім дейді. М: көк ала, ақ сары, қызыл жасыл.

90.Негізгі сын есім деп неге айтамыз?

-Түбір сөзден жасалған сын есімді негізгі сын есім дейді.

91.Туынды сын есім дегеніміз не?

-Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді.

92.Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?

-Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдер қарсы мәндес сын есім дейді. М:қалың-жұқа, ақ-қара, тб.

93.Қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қандай сөздерге қойылады?

-Заттың сыны білдіретін сөздерге қойылады.

94.Сан есім деп неге айтамыз?

- Заттың сыны білдіретін сөздерді сан есім дейді.

95.Сан есімнің сұрақтарын жаз.

- Қанша? Неше? Нешінші?

96.Сан есімнің қандай түрлері бар?

- Дара, күрделі, есептік, реттік, топтық, жинақтық сан есім.

97.Дара сан есім деп неге айтамыз?

-Бір сөзден жасалған сан есімді дара сан есім дейді. М. Бір, екі,үш.

98.Күрделі сан есім деп неге айтамыз?

-Екі не одан да көп сөзден құралған сан есімді күрделі сан есім дейді. М: он екі, жетпіс бес, отыз үш.

99.Есептік сан есім деп неге айтамыз?

-Қанша? Неше? Деген сұраққа жауап беретін сан есімді есептік сан есім дейді.

100.Реттік сан есім деп неге айтамыз?

-Нешінші? Деген сұраққа жауап беретін сан есімді реттік сан есім дейді.

101.Реттік сан есім қалай жасалады?

-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнақтары арқылы жасалады.

102.Топтық сан есім қалай дасалады?

-ау,-еу жұрнақтары арқылы жасалады. М: бесеу, төртеу, алтау.

103.Сөз таптары нешеу?

-8. Олар: зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай.

104.Есімдік деп неге айтамыз?

-Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табын есімдік дейді.

105.Есімдіктерді жаз.

-мен, сен, біз, сіз, ол, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы, тб.

106.Жіктеу есімдігін жаз.

- мен, сен, біз, сіз, ол

107.Жіктеу есімдігінің бірін септе.

А.с. ол

І.с оның

Б.с оған

Т.с оны

Ж.с онда

Ш.с одан

К.с онымен.

108.Үстеу деп неге айтамыз?

-Іс-әрекетін мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. М: тез, қазір, түнде тб.

109.Үстеулер қандай сұрақтарға жауап береді?

-Қанша? Қалай? Қайда?

110.Үстеулердің қандай түрлері бар?

- мезгіл, мекен, сын-қимыл үстеулер.

111.Мезгіл үстеу деп неге айтамыз?

-Қашан? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді мезгіл үстеу дейміз.

112.Мекен үстеу деп неге айтамыз?

-Қайда? деген сұраққа жауап беретін сөздерді мекен үстеу дейміз.

113.Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?

-Қалай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді сын-қимыл үстеуі дейміз.

114.Үстеу қай сөз табына қатысты айтылады?

-үстеу етістікке қатысты айтылады. М: тез жазды,қазір барамын.

115.Шылау деп неге айтамыз.

-Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейді. Олар: мен (бен,пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін),

қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ.

116.Мен, бен, пен, және шылаулары қандай қызмет атқарады?

- Мен, бен, пен, және шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.

117.Да (де), та (те) шылаулары қандай қызмет атқарады?

- Да (де), та (те) шылаулары өзі тіркескен сөзіне әр түрлі қосымша мағына береді.

118.Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескенде да (де), та (те) шылауларының арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

-үтір қойылады.

119.Бірыңғай қолданылған екә сын есім арасына үтір қойылады ма?

-жоқ, үтір қойылмайды.

120. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары қандай қызмет атқарады?

-Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өздері қатысқан сөздерге сұрақ қояды.

121. дейін (шейін), үшін, туралы шылаулары өздері қатысты сөздердің қай септік жалғауында тұруын қажет етеді№

-Атау, барыс септігінде. М: ел үшін, жазға дейін.

122. қана (ғана), қой (ғой), -ақ шылаулары қандай қызмет атқарады?

- қана (ғана), қой (ғой), -ақ өздері қатысты сөздерге өтініш, шектеу, даралай мағыналарын үстейді.

123.Қой (ғой) шылаулары өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

-баяндауыш қызметін атқарады.

124.Шылау қалай жазылады?

-бөлек жазылады.

125.Шылау мен қосымшаның айырмашылығы қандай?

-Шылау сөзден бөлек жазылса, қосымша сөзге қосылып жазылады.

126.Одағай деп неге айтамыз?

-Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай дейді.

127.Одағай сөйлемде басқа сөздермен байланысқа түсе ме?

-байланысқа түспейді.

128.одағай сөйлем мүшесі бола ма№

-бола алмайды.

129.Сөз деп неге айтамыз?

-сөз белгілі мағынаны не ұғымды білдіреді.

130.Сөз неден құралады?

-дыбыстардан құралады?

131.Сөздің қандай түрлері бар?

-Омоним, синоним, антоним, көп мағыналы, теңеу, күрделі, қос, қысқарған, қыстырма, қаратпа, біріккен сөздер.

132.Омоним сөздер деп неге айтамыз?

-Айтылуы бір, мағынасы басқа-басқа сөздер омоним сөздер деп аталады. М: Қара шаш – қара түс атауы

Тақтаға қара – қара қимыл атауы.

133.Синоним сөздер деп неге айтамыз?

-Мағынасы бір, жуық мәндес сөздерді синоним дейміз. М:ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат.

134.Антоним сөздер деп неге айтамыз?

-Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейміз.

М: үлкен-кіші, ескі-жаңа тб.

135.Қандай сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады?

-екі не лдан да көп мағынаға ие болған сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.

136.Теңеу сөздер деп неге айтамыз?

-дай,-дей,-тай,-тей жұрнағы жалғанған сөздер теңеу сөздер деп аталады. М:күндей, алмадай, арыстандай, тб.

137.Күрделі сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

-Екі не одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөздер дейміз. М: бозторғай, Сарыарқа, тб.

138.Қос сөздер деп неге айтамыз?

-Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер қос сөз деп аталады. М: қора-қора, бүгін-ертең, тб.

139.Қос сөздер нешеге бөлінеді?

-3. Олар қайталама, қосарлама, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөз.

140.Қайталама қос сөздер қалай жасалады?

-Бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. М: сөйлей-сөйлей, жылы-жылы, тб.

141.Қосарлама қос сздер қалай жасалады?

-Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. М: ар-ұят, екеу-үшеу.

142.Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер деп нені айтамыз?

-Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы жасалған қос сөздер күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер деп аталады. М: қып-қызыл, түп-түзү.

143.Қос сөздер арасына не қойылады?

-дефис (-) қойылады.

144.Қандай сөздер қысқарған сөздер деп аталады?

-Бірнеше сөзден құралған атаулар қысқартылып айтылады және жазылады. Мұндай сөздер қысқарған сөздер деп аталады.М:АҚШ, ҚХР...

145.Қыстырма сөздер деп қандай сөздерді айтады?

-Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді қыстырма сөздер дейді. М: әйтеуір, сірә, тб.

146.Қыстырма сөздер неше сөздерден жасалады?

-Бір, екі немесе бернеше сөздерден жасалады.

147.Бір сөзден жасалған қыстырма сөзге мысал келтір.

-бәсе, меніңше,әуелі, әйтеуір, міне, тегінде тб.

148.Екі сөзден жасалған қыстырма сөзге мысал келтір.

-амал қанша, оның ойынша, өкінішке орай, кім біледі, тб.

149.Бірнеше сөзден жасалған қыстырма сөзге мысал келтір.

-ұмытып барады екем, неге екенін кім, білсін тб.

150.Қаратпа сөз деп неге айтылады?

-Тілде біреудің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылатын сөздерді қаратпа сөздер дейді. М: ботам, тамақ ал, тб.

151.Қаратпа сөздердің сөйлем ішіндегі орнын ата.

-басы, ортасы, соңы.

152.Қаратпа сөз сөйлемнің басына келсе, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

-Үтір немесе леп белгісі қойылады. М: жолдастар! Тыңдаңдар! Анашым, сізді сағындым.

153.Қаратпа сөйлемнің ортасына келсе, тыныс белгісі қалай қойыла- ды?

-Екі жағынан үтір қойылады. М: ризамын, балам, ризамын.

154.Қаратпа сөз сөйлемнің соңына келсе, тыныс белгісі қалай қойылады?

-Қаратпа сөзден бұрын үтір қойылады. М:бері кел, қалқам.

155.Біріккен сөз деп неге айтамыз?

-Екі түберден жасалған сөздер біріккен сөздер деп аталады. М: Ақтөс, итмұрын, тб.

156.Сөйлем деп неге айтамыз?

-Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

157.Сөйлем неден тұрады?

-Сөйлем сөздерден тұрады.

158.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

-сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

159.Сөйлем қандай әріптерден басталып жазылады?

-бас әріптерден басталып жазылады.

160.Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

-сөйлем соңына (.), (?), (!) белгілері қойылады.

161.Сөйлем түрлерін ата.

-Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, жай сөйлем, құрмалас сөйлем.

162.Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

-3. Олар :хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер.

163.Хабарлы сөйлем деп неге айтамыз?

-Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді.

164.Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

-Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.

165.Сұраулы сөйлем деп неге айтамыз?

-Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады.

166.Сұраулы сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

-сұраулы сөйлем соңына (?) қойылады.

167.Сұраулы сөйлем жасайтын шылауларды ата.

-ма, ме, ба, бе, па, пе.

168.Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары қалай жазылады?

-бөлек–бөлек жазылады.

169.Лепті сөйлем деп неге айтамыз?

-Лепті сөйлем кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреді.

170.Лепті сөйлем қандай дауыспен айтылады?

-Көтеріңкі дауыспен айтылады.

171.Лепті сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

-лепті сөйлем соңына (!) қойылады.

172.Сөйлем мүшелері деп неге айтамыз?

-Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем сүшелері дейміз. М:Айсара доп ойнады.

173.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді№

-2. Олар: тұрлаулы, тұрлаусыз.

174.Тұрлаулы мүше деп неге айтамыз?

-Бастауыш пен баяндауыштан тұратын мүше тұрлаулы мүше деп аталады.

175.Тұрлаулы мүшелерді ата.

-Бастауыш, баяндауыш.

176.Бастауыш деп неге айтады?

-Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейді.

177.Баяндауыш деп неге айтады?

-Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.

178.Баяндауыштың сұрақтарын жаз.

-Не істеді? Неқ ылды? Қайтті?

179.Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін не қойылады?

-сызықша (–) қойылады.

180.Тұрлаусыз мүше деп неге айтамыз?

-Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштардан басқа сөйлем мүшеле-рін тұрлаусыз мүше дейді.

181.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне қандай сұрақтар қойылады?

-Оларға: Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? тәрізді сұрақтар қойылады.

182.Сөйлем мүшелері мағынасына қарай қандай болады?

-Өзара байланысты болады.

183.Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай білеміз?

-Сұрақ қою арқылы білеміз.

184.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата.

-Олар: анықтауыш, пысықтыуыш, толықтауыш.

185.Анықтауыш қызметін ата.

-Сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтап тұрады.

186.Анықтауыштың сұрақтарын жаз.

-Қандай? Қай? Қайсы? Нешінші? Неше? Қанша? Кімнің? Ненің? Қайдағы? Қашанғы? Несі? Яғни сын есім, сан есім, ілік септігінің сұрағы.

187.Толықтауыштың қызметін жаз.

-Сөйлемдегі ойды толықтырып отыратын мүше.

188.Толықтауыштың сұрағын жаз.

-Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?

189.Пысықтауыштың қызметін ата.

-Сөйлемде іс-қимылдың білгісін, мекенін, мезгілін, пысықтайтын мүше.

190.Пысықтауыштың сұрағын жаз.

-Қайда? Қайдан? Қалай? Қалай қарай? Қашан? Қашаннан бері? Қалайша? Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Не себептен? Не мақсатпен? Қаншалықты? сияқты үстеудің сұрақтары.

191.Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

-2. Олар: Жалаң және жайылма сөйлем.

192.Жалаң сөйлем деп неге айтамыз?

-Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді. М: Әсет оқыды.

193.Жайылма сөйлем деп неге айтамыз?

-Тұрлаулы мүшелері басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. М: Әсет жақсы оқыды.

194.Жай сөйлем деп неге айтамыз?

-Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейді. М: сабақ басталды.

195.Құрмалас сөйлем деп неге айтамыз?

-Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейді. М: мен сабаққа келсем, сабақ басталыпты.

196.Құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден құралады?

-бірнеше жай сөйлемдерден құралады.

197.Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына не қойылады?

-Үтір қойылады.

198.Сөйлемнің дара мүшесі деп неге айтамыз?

-Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі деп аталады. М: солтүстіктен жел соғады.


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет