6.Бөлімнің әлеуметтік дамуы. 2012жылы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында іс-шаралар жоспарланған, негізгі іс-шаралар техника қауіпсіздігін сақтауға арналған.2012жылдың наурыз мерекесіне жеке құрамның ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар , киіз үй тігу, мерекелік дастархан мәзірін жасау және өрт сөндіру мекемесінің ардагерлерін шақырту шаралары атқарылды. 2012жылда Күршім,Тарбағатай , Көкпекті аудандарында аймақтық жарыстар өткізілді. Қазақстан Республикасының рәміздерінің 20 жылдығына орай салтанатты жиналыс өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің күніне орай футболдан жарыс өткізілді. Зайсан ауданының акиматы арқылы №43 ӨСБ-нің 2 қызметкерлеріне 2-бөлмелі пәтерлер берілді.
7. Персоналды басқару жұмыстары. Зайсан ауданының ТЖБ-де штат бойынша 4 жоғары білімді қызметкержұмыс атқарады, оның 2 жоғары арнайы білімі бар. Осы уақытқа дейін 2 қызметкер АҚ бойынша деңгейін дамыту курстарында и 1 қызметкер ТЖМ Көкшетау Техникалық институтында оқыды. 2012 жылдың мамыр айында 1 қызметкер анықтаушы бағыты бойынша оқу оқып келді.
№ 43 ӨСБ-де штат бойынша 33 қызметкер . Басшы құрам 8 адам, оның 7 жоғары білімді.Қарауыл бастықтары ҚДМ-де оқыды. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлердің орнына 2 қызметкер жаңадан алынды және 2 қызметкер басқа өрт сөндіру бөлімдерінен ауысып келді. 2012 жылда қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.