2012 жылғы бөлімнің қызметтік жағдайы мен ұйымдастырылуы, атап айтқанда: 2012жылғы жұмыс жоспарына сай Министрліктің 2011жылғы 8 шілдедегі Алқа қаулысын орындау үшін және қар көшкіндерінен болатын шығындарға жол бермеу мақсатында;
-Қазселденқорғау филиалымен бірлесіп 2011жылдың қортындысы бойынша талдауды ескере отырып, көшкін қауіпті аймақтарға қайта шолу жасалынды.
-Қазселденқорғау филиалымен бірлесіп тұрақты бақылау жұмыстары жүргізілуде, әр апта сайын ауданның Қазселденқорғау филиалымен хат алмасу ұйымдастырылған.
2011-2012жылдың қыс айларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің шешімен республикалық, облыстық маңызы бар жол учаскелеріне уақытша бекеттер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша, су-тасқынының алдын алу үшін 2012жылдың әр тоқсанына өткізілтетін оқу-жаттығулардың жоспар-кесте жасалынған, осы жоспарға сәйкес аудандағы шұғыл әрекет ету тобымен жаттығулар жүргізілуде. Зайсан аудандық ТЖБ 2012 жылдың жұмыс жоспарына енгізілген ауданның қауіпсіздік паспорты жасалынып бекітілген.Сонымен қатар ШҚО ТЖД нұсқауы бойынша Зайсан ауданының ТЖК бастығы атына аудандағы авариялық жағдайдағы ғимараттарға сейсмикалық күшейту жүргізу және көктемгі тасқынның алдын алу мақсатына комиссия отырысында қарауға 2 рет ұсыныс жасалып, жоспарға енгізілді. Зайсан аудандық ТЖБ мен № 43ӨСБ көктем айларында мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында бөлімнің жеке құрамы осы уақыттарда күшейтілген тәртіпте жұмыс жасады, сонымен қатар 15.03.2012ж-16.03.2012ж күндері «Көктем -2012 », 25.05.2012ж күні «Землятресения» командалық –штабтық жаттығу өткізілді .
Ағымдағы жылдың 06.08.2012ж-11.08.2012ж күндері аралығында ШҚО ТЖД АҚ басқармасының қатысуымен Зайсан ауданында АҚ және ТЖ бойынша барлық қызметтердің, ауыл,қала әкімдерінің жұмыстарын тексеру мақсатында ауданның жедел ден қою отрядымен оқу-жаттығу өткізіліп, нәтижесінде «Дайын» деп бағаланды.