Сонымен қатар 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламент депутаттарының сайлауы қарсаңында 37 сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздік жағдайлары толық тексерілді.Бұл ретте адамдар көп жиналатын нысандарда ӨТТ жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше көңіл бөлінді. Өрескел кемшіліктер орын алған ұйымдардың басшыларына әкімшілік шаралар қолданылып, кемшіліктерді орындауға уақыт берілді.
2012 жылдың жоспары негізінде ақпан айында Зайсан ауданындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты 1 нысан және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты 13 нысандар толық тексеруден өткізілді. Тексеру қортындысы бойынша ШҚО ТЖД нұсқауымен арнайы әзірленген үлгі бойынша есеп берілді, заң бұзушылықтарға жол берген өрт қауіпсіздігіне 12 жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |