Синхронды және асинхронды форматтағы сабақтарды ескере отырып, сабақ кестесін сақтау және оқу күнін жоспарлау;
Оқу материалдарын оқу, игеру және белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмаларын орындау;
Жауаптарды Интернет-платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркеу немесе электрондық пошта арқылы жіберу;
Тапсырмаларды орындау мұғалімнің түсініктемелерін оқып, ұсыныстарын орындау;
Мұғаліммен байлыныста болу, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды жіберу;
Компьютермен жұмыс істеген кезде санитарлық нормаларды сақтау.
Оқушыларға арналған ережелер
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылындағы 2-11 сыныптарында бағалау Қағидасына өзгерістер енгізілді:
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді
Пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктері күнделікті (формативті), бөлім үшін 1 жиынтық жұмыс (бұдан әрі - БЖБ) және тоқсан үшін 1 жиынтық жұмыс (бұдан әрі - ТЖБ) арқылы бағаланады. Әр мектеп оқу кестесіне байланысты уақытын қояды
Тоқсан үшін баға қою кезінде күнделікті бағалау нәтижелері, 1 БЖБ, 1 ТЖБ ескеріледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда, электрондық журналдар болмаған жағдайда - қағаз журналдарда жүзеге асырылады
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді