Класс
I модуль. Қазақстан Республикасы.Фонетика. Үндестік заңы. Екпін.
I модуль. Республика Казахстан. Фонетика. Закон сингармонизма. Ударение.
5 – сабақ. Қазақстан қалалары.
Урок 5. Города Казахстана.
1-тапсырма. Мына мәтіндер бойынша үш деңгеілі тапсырмаларды орындаңдар.
Задание 1. По данным текстам выполните задания в трех уровнях.
Астананың ежелгі аты - Ақмола. (Древнее название Астаны - Акмола). Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. (Она расположена на берегах реки Ишим). Астанана Торғай, Көкшетау, Павлодар, Жезқазған және Қарағанды облыстарымен көрші орналасқан. (Она расположена по соседству с Торгайской, Кокшетауской (Акмолинской), Павлодарской, Жезказганской и Карагандинской областями). Астананада 25 қабатты «Интерконтиненталь» қонақ үйі, екі стадион, Когресс-холл, мәдениет және демалыс саябағы бар. (В Астане есть 25-этажная гостиница «Интерконтиненталь», два стадиона, Когресс-холл, парк культуры и отдыха). Мұнда үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған. (Здесь установлен памятник верховным биям трех жузов). 10 маусымда 1998 жылы Астананың презентациясы болды. (10 июня 1998 года состоялась презентация Астаны).
Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі. (Семипалатинск – один из крупных городов Казахстана с развитой культурой).
Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. (Семипалатинск имеет собственную долгую историю развития). Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі. (Он был известен по официальным документам царской России под названием «Тас мешит» с начала XVI века). Семейде Жеті шатыр сарайлары бар. (В Семипалатинске есть дворцы Семь шатров). Бұл шатырдың құрылыстары Бұқар мазарларының стилімен салынған. (Эти шатры построены в стиле мазаров Бухары). Жеті шатыр сарайларының ең бағалы қазыналарының бірі – суреттер. (Одними из самых больших ценностей сокровищниц Семи шатров являются рисунки).
Алматы – саяси, экономикалық және мәдени орталық. (Алматы – политический, экономический и культурный центр). Халқы 1,5 миллионнан асады. (Население превышает 1,5 миллиона). Кіші Алматы өзенінің бойында 1854 жылы қаланған, оның бұрынғы аты – Верный. (Основан на берегу реки Малая Алма-Атинка в 1854 году, прежнее название – Верный). 1929 жылдан Алматы – Қазақстанның астанасы болды. (В 1929 году Алматы стала столицей Казахстана). Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді. (В том же году в Алматы пришел первый поезд). Қалада театрлар, кинотеатрлар, мәдениет сарайлары, саябақтар бар. (В городе есть театры, кинотеатры, дворцы культуры, парки). Алматының іргесінде дүние жүзіне белгілі биік таудағы мұз айдыны –«Медеу» бар. (Близ Алматы высоко в горах есть всемирно известный каток «Медео»).
III деңгей:
(III уровень)
Мәтіндерді аударып, диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
Переведите тексты, постройте диалоги, поговорите друг с другом.
Астана туралы диалог
Диалог про Астану
Какое древнее название Астаны?
Она называлась Акмола.
Где она расположена?
Она расположена на берегах реки Ишим, по соседству с Торгайской, Акмолинской, Павлодарской, Жезказганской и Карагандинской областями.
Астана қаласы туралы айтып берші.
Расскажи, пожалуйста, про город Астану.
Онда көптеген әдемі ғимараттар салынды: «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Когресс-холл, «Хан шатыр», «Байтерек», көптеген бизнес орталықтары, тағы басқа заманға сай үйлер. Мәдениет, спорт кешендері және демалыс орындары бар.
Там построено много красивых зданий: отель «Интерконтиненталь», Когресс-холл, «Хан шатыр», «Байтерек», множество бизнес-центров, другие соответствующие нашему времени дома. Есть культурные и спортивные сооружения, места для отдыха.
Менің Астанада тұрғым келеді.
Я хочу жить в Астане.
Семей туралы диалог
В был (когда-нибудь) в Семипалатинске?
Иә, болдым. Ол туралы айтып берейін бе?
Да, был. Рассказать про него?
Расскажи, пожалуйста.
Семей патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі болған.
Семипалатинск был известен по официальным документам царской России под названием «Тас мешит» еще с начала XVI века.
Семейдің Жеті шатыр сарайлары Бұқар мазарларының стилімен салынған.
Семипалатинские дворцы Семь шатров были построены в стиле бухарских мазаров.
Сонымен, Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі болғаны ғой?
Итак, Семипалатинск является одним из крупных городов Казахстана с развитой культурой?
Точно так.
Алматы туралы диалог
Алматы туралы не білесің?
Что ты знаешь про Алматы?
Алматы – саяси, экономикалық және мәдени орталық.
Алматы – политический, экономический и культурный центр.
Алматының тұрғындарының саны неше?
Каково количество жителей Алматы?
Тұрғындарының саны 1,5 миллионнан асады.
Количество жителей превышает 1,5 миллиона.
Қай жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды?
В каком году Алматы стала столицей Казахстана?
В 1929 году.
Алматыға қашан алғашқы пойыз келді?
Когда в Алматы пришел первый поезд?
В 1929 году.
Дүние жүзіне белгілі мұз айдыны –«Медеу» қайда орналасқан?
Где расположен всемирно известный каток «Медео»?
Алматының іргесінде биік тауда.
Близ Алматы высоко в горах.
II деңгей:
(II уровень)
Сызбаны толтырып, мазмұнын айтып беріңдер.
Заполните схему и перескажите тексты.
I деңгей:
(I уровень)
«Қазақстанның әсем жерлері» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.
Напишите сочинение на тему «Красивейшие места Казахстана».
Қазақстанның әсем жерлері (шығарма)
Красивейшие места Казахстана (сочинение)
Қазақстанның әсем жерлерінің бірі – Көкшетау өңірі. (Одно из красивейших мест Казахстана – окрестности Кокшетау). Азаттық жыршыларымыз, әйгілі ақындарымыз жырлаған жер, жауынгер-батырларымыз қорғаған жер. (Земля, воспетая певцами свободы; земля, воспетая знаменитыми поэтами; земля, которую защищали воины-батыры).
Сұлулығын көргенде жүрегің лүпілдеп, қуанышпен толы соғады. (Когда видишь эту красоту, сердце трепещет, полное радости). Осы мекеннің табиғаты ғажап, оның жұпар ауасы керемет рақатқа бөлейді. (Природа этого края удивительна, ее благоухающий воздух наделяет блаженством). Нуы жайқалған ағаштардың арасында серуендеген не ғажап! . (Как прекрасны, удивительны прогулки среди девственных лесов!). Жерге жабысып өскен түрлі-түсті майда, масаты шөптер мен құлпырған гүлдер бейне түкті кілемдей көзді қазықтырады. (Радуют глаз липнущие прямо к земле разноцветные шелковистые травы с яркими цветами среди них, как узорчатый ворсистый ковер). Құстар сан алуан әуенге салып сайрағанда, адамнаң көңіл-күйі жақсарады. (Когда птицы запоют на разные голоса, настроение человека улучшается). Айналада көптеген көлдер бар. (Вокруг – множество озер). Бір қызығы, кейбір көлдердің суы жазда салқын, қыста жылы болады. (Что интересно, вода некоторых озер летом холодная, а зимой – теплая). Жаз мезгілінде құс базары осы төңіректе орнайды. (Летом птичий базар располагается в их окрестностях). Құстардың арасында аққулар көп. (Среди птиц много лебедей). Осы сұлулықты көргенде, жаратылыстың жасауында мін жоқтай көрінеді. (Когда видишь эту красоту, природа представляется созданной в совершенстве).
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. Үндестік заңына бағынатын сөздердің астын сызып, жасалу жолын анықтаңдар.
Задание 2. Дополните предложения. Подчеркните слова, подчиняющиеся закону сингармонизма, определите способы их образования.
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
... ежелгі аты – Доржынкит.
Верный қаласының іргетасы Кіші Алматы өзенінің бойында 1854 жылы қаланған.
1929 жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.
Жуан
|
|
Жіңішке
|
Астана
|
|
Есіл
|
бойында
|
|
өзенінің
|
орналасқан
|
|
ежелгі
|
аты
|
|
Кіші
|
қаласының
|
|
келді
|
Алматы
|
|
|
жылы
|
|
|
қаланған
|
|
|
Алматыға
|
|
|
пойыз
|
|
|
алғашқы
|
|
|
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңдар.
Задание 3. Постройте предложения, используя данные словосочетания.
Бойында орналасқан (расположен вдоль), ескерткіш орнатылған (установлен памятник), ұлт өкілдері тұрады (живут представители народа), өзенінің бойында (на берегах реки), биік таудағы (восоко в горах).
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. (Астана расположена на берегах реки Ишим). Астанада үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған. (В Астане установлен памятник верховным биям трех жузов). Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады. (В Казахстане живут представители более ста народов). Алматының іргесінде дүние жүзіне белгілі биік таудағы мұз айдыны –«Медеу» бар. (Близ Алматы высоко в горах есть всемирно известный каток «Медео»).
4-тапсырма. «Қазақстан Республикасы» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
Задание 4. Напишите рассказ на тему «Республика Казахстан».
Қазақстан Республикасы (әңгіме)
Республика Казахстан (рассказ)
Жер бетінде 230 мемлекеттің бірі – Қазақстан. (Одно из 230 государств на земле - Казахстан). Тәуелсіздігін ала сала, 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ-ға) мүше болды. (Приобретя независимость, государство 2 марта 1992 года вступило в члены Организации Объединенных наций (в ООН). Ол халықаралық дәрежедегі күрделі жетістіктердің бастамасы деп санаймыз. (Считаем это началом более значимых достижений в международном плане). Содан бері талмай талаптанып алға ұмтылудамыз. (С этих пор мы не уставая стремимся вперед).
Республикамның жанға рахат сыйлап, шабыт берер табиғатына, жаны жайсаң халқына, шоқтығы биік өнеріне сүйсінеміз. (Мы восхищаемся природой нашей Республики, дарящей блаженство и вдохновение, благородством души нашего народа, его высоким искусством). Әрбір халық өз мейрамдарыменен ерекшеленеді. (Каждый народ отличается своими праздниками). Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз мейрамы. (В жизни казахского народа, его обычаях и традициях с давних времен особое место занимает праздник – Наурыз мейрамы). Бұл – бүкіл жұрт барлық өкпе-назды ұмытып, төс қағыстырып, ән шырқап, қазан-қазан көже пісіріп, тойлайтын мейрам. (Это – праздник, в который забываются все обиды, поются песни, готовится наурыз коже казанами, люди поздравляют друг друга, крепко обнимаясь). Қар еріп, мал төлдейтін кез. (Время таяния снега, приплода домашнего скота). Табиғатпен бірге адам дүниесі де байып қалатын ерекше мейрам. (Это – особый праздник, когда вместе с природой обновляется, обогащается и духовный мир человека). Ұлыстың ұлы күнінде жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін бірі жаңа жыл – Наурызбен құттықтайды. (В этот знаменательный день народ красиво одевается, ходит в гости по аулам, люди поздравляют друг друга с Новым годом – с Наурызом). Сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде адал ниетпен бір-біріне игі тілек тілейді. (Во время долгожданных, горячих встреч с распростертыми объятиями, люди от чистого сердца желают друг другу всех благ).
Достарыңызбен бөлісу: |