Залалсыздандыру. Залалсыздандыру әдістері. Залалсыздандырудың сапасын бақылау. Залалсыздандыру


Бактериологиялық залалсыздандыру әдісі



бет6/8
Дата17.11.2023
өлшемі26,05 Kb.
#191665
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f604f6a4eced45

Бактериологиялық залалсыздандыру әдісі
Бактериологиялық залалсыздандыру әдісі биологиялық тесттер көмегімен жүзеге асырылады.Биологиялық тесттер арнайы санитарлы – эпидемиологиялық лабораторияларда жасалады.
Биологиялық тесттер дайындалып болғаннан кейін полиэтиленді пакеттерге салынып,сол күні бактериологиялық зертханаға толтырылған жолдамамен бірге жіберіледі.
Залалсыздандырудың физикалық әдісін бақылау
Бұл залалсыздандыру әдісін бақылау температураны өлшеу арқылы (термометр,максимальді термометр) және қысым қолданылады.Залалсыздандыру кезеңдерінің тәртібі барлық көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады.
Физикалық бақылау әдісі залалсыздандырудың температурасын, қысымын және қосымша жағдайын бағалайды,бірақ осы әдіс арқылы залалсыздандырудың жетістіктерін бағалауға болмайды, мұнда тек залалсыздандыру камерасының жағдайын көрсетеді,ішіндегі залалсыздандырылған заттарды емес.

Залалсыздандырудың химиялық бақылауы
Химиялық әдіс жедел орындалатын бір немесе бірнеше көрсеткіштердің жиынтығы,ауалы және булы залалсыздандырудың жұмыс жасау тәртібі сипатталады.Химиялық әдіс залалсыздандырудың химиялық тесттердің және термохимиялық индикаторлардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Химиялық тест екі жағынан бекітілген шыны түтікшелер,бояу араластырылған химиялық қоспалар арқылы немесе тек химиялық қосылыстар (заттармен) ,агрегаттық күйін өзгертетін немесе еріту нәтижесіндегі түсімен анықталады.
Әртүрлі қоспалардың химиялық тесттер және олардың қоспаларының температуралық жұмыс тәртібін бақылауға үшін:



  • Булы залалсыздандыру әдісі үшін несепнәр (карбамид) алқызыл бояғышымен – еріту температурасы 132° С.Залалсыздандыруды бақылау үшін белгілі бір температурада және уақыт өзгерісінде түсін өзгертетін термоиндикаторлық қағазды пайдаланады.Автоклавтағы залалсыздандырудың бактериологиялық бақылауы айына бір реттен кем емес жүргізіледі.

  • Ауалы залалсыздандыру әдісі үшін тионесепнәр (тиокарбамид) бояғыштарсыз - еріту температурасы 170° С-ты құрайды.

Оралған шыны түтікшелердің химиялық заттарын нөмірлейді, ауалы және булы залалсыздандыру бақылау нүктелеріне таратады.


Залалсыздандырудың соңында шыны түтікшелерді залалсыздандырғыштан шығарып алып және олардың агрегаттық жағдайы мен түсін көзбен шолып шығады.Егер олар бірдей қалыпта ерітілсе және түстері өзгеріске ұшыраса,демек қойылған температурадағы залалсыздандыру әдісі дұрыс және нәтиже оң қанағаттандырылады.Залалсыздандырудың барлық көрсеткіштері сақталған және материал залалсыздандырылған.
Қанағаттандырылмаған нәтиженің белгісі еріту біркелкі емес және шыны түтікшеде химиялық қоспалардың бояғыштармен түсі өзгермеген.Мұнда қойылған температураға қол жеткізбеген және залалсыздандыру іске асырылмады.Мұндай жағдайда залалсыздандырудың мазмұны қайта залалсыздандыруға қойылу керек.
Бақылаудың қанағаттанбаған нәтижесінде залалсыздандыру кезеңінен кейін залалсыздандырмаған деп есептейді.Аппараттың жұмысы тоқтатылады,залалсыздандырудың жұмыс тәртібінің дұрыстығын тексереді,жүктеменің дұрыстығын және аппаратың дұрыс жұмыс жасауын анықтайды.
Қателіктер байқалған жағдайда кемшіліктерін жояды,нәтижеге қанаттанғаннан кейін залалсыздандыру бақылауға пайдалануға рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет