Заман шындығЫ



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата05.09.2024
өлшемі11,15 Mb.
#203879
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Заман шындығы

666 САНЫНЫҢ ДӘДЖӘЛҒА ҚАТЫСЫ 
Күмән жоқ. Ислам ұстанушылары және 
христиандар 
Қиямет 
күнінің 
алдыында 
Дәджәл (Антихрист) жер бетіне шығатынына 
сенеді. Бұл біздің Ислам ілімінде де келеді. 
Христиандар Антихристтің ерекше белгісі 
болады деп дұрыс айтқан. Бірақ көптеген 
тұжырымдарға сүйенсек, олар бұл белгінің 
мәнін 
түсінбеген. 
Хадисте 
Дәджалдың 
маңдайына 
«кяфир» 
сөзі 
жазылатыны 
айтылған. Негізінен араб тілінде барлық 
дауысты дыбыстар әріптің үстінде немесе 
астында 
орналасқан 
кішкентай 


73
сызықшалармен белгіленеді. Көп жағдайда 
бұл дауысты дыбыстар жазылмайды. Тіпті 
арабтар бұл белгілерді мүлде қолданбайды 
десек те болады. Бұл белгілер тек Құранда 
ғана бар деп те айтуға болады. Қалған барлық 
жағдайларда арабтар оларды мүлде жазбайды, 
Бұл тілдің осындай ерекшелігі бар.
Суретте көріп отырғанымыздай, «кяфир» 
сөзі үш әріптен тұрады. Кяф, Фә, Ро 
әрпіптерін аласыз. Алиф әріпі әлі де бар. Бірақ 
оның өзіндік дыбысы жоқ және тек 
грамматикалық 
ережелерге 
байланысты 
қойылады. Әріптердің құрылымын және 
олардың 
жазылу 
ерекшелігін 
мұқият 
қарасаңыз, әр әріп 6 санының символына 
ұқсас екенін байқайсыз. Егер сіз әріптерді 
жоғарғы жағында және 6 Саны сияқты оңға 


74
қарай бұрсаңыз, онда біз үш алтылық шығады. 
Ал бұл «кяфир» яғни «кәпір» сөзі хадисте 
жеткендей 
Дәджәлдің 
маңдайында 
орналасады. Ол сөзді кез-келген мұсылман, 
тіпті ол сауатсыз болса да, оқи алатыны 
жайында хадисте жеткен. Кейбір ізденушілер 
христиандардың «Число зверя» деп есептеп 
жүрген бұл 666 саны негізінен араб тіліндегі 
«Кәпір» сөзі деп мәлімдеме жасаған. Алайда 
бұл тек болжам ғана. Дегенмен жұлдыздар 
мен әншілердің басым көпшілігі бұл санды 
жиі қолданып, өз оқырмандарына жарнамалап 
жүргені «Дәджәлға шақырып жүр ме?» деген, 
үлкен күдік тудырады.
Мысал ретінде әлем бойынша аздаған 
уақыт ішінде даңқы шығып кеткен Алишер 


75
Тагировичты алайық. Халыққа Моргенштерн 
деген есіммен танылған бұл әншіні қазіргі 
таңда 
миллиондаған 
жанкүйері 
бар. 
Жанкүйерлерінің басым көпшілігі жас буын. 
Ал енді бұл әншінің нені насихаттап 
жүргеніне назар аударайық. Еш атағы 
шықпастан бұрын бұл әнші тек «YouTobe» 
желісінде видео блог түсіріп, арасында әндер 
шығарып жүрген еді. Уақыт өте келе көзінің 
жоғары жағына «666» санын салғызып, түрлі 
боқауыз мәтіндерге толы әндерін жарыққа 
шығару 
арқылы 
үлкен 
ауқымдағы 
танымалдылыққа бірден көтеріліп кетті. Бұл 
жерде үлкен бір құпияның жатқаны анық. 
Моргенштерн сөзі неміс тілінен аударғада 
«Таңғы жұлдыз» деген мағынаны береді. Дәл 
BlackStar тобының өздерін «Қара жұлдызға» 


76
теңеулері сияқты. Ал ол топ жайлы алда 
айтатын боламыз. Таңғы жұлдызды, яғни 
Венера 
планетасын 
ежелгі 
заманнан 
Люциферге, яғни Шайтанға теңегендігі
жөнінде көптеген деректер бар. Алишер яғни 
Моргенштерн өзін Шайтанның жолына 
арнаған адам екенін біз жай ғана оның 
әндеріне мән беру арқылы анықтай аламыз. 
Шайтан адамзатқа тек зұлымдық пен 
арсыздықты насихаттағаны сияқты, бұл әнші 
деп халықтың санасын ұяттан безіндіретін, 
діннен алыстататын істерге ғана шақырады. 
Сол себепті бұл әншінің өзі де сөзі де арам 
болып, бұл адамдға қызыға қарауға және 
әндерін тыңдауға тыйым салынады.


77
666 санының мұсылмандар үшін еш 
маңызы жоқ. Бұл санды нумерологтар, 
сиқыршылар, бақсы балгерлер адамға қарсы 
сиқыр мен дуа жасауда жиі қолданады. Ал 
Алланың жолын нық ұстанып, үнемі осындай 
бәле-зияннан сақтанып Аллаға сиынып 
жүрген адамға бұл залымдар ешбір зияндарын 
тигізе алмайды.
Мұсылмандар Шайтанды адамзаттың хақ 
жауы деп санайды және оның жалғыз мақсаты 
- адамзатты адастырып, Алладан алыстату 
екеніне сенеді, оның іс-әрекеттері бізді 
зұлымдық жасау үшін азғырулардан ғана 
тұрады. Сонымен қатар, мұсылмандарға кез-
келген 
шайтани 
шараларға 
қатысуға, 
болжаушыларға 
баруға 
немесе 
ырымшылдықпен 
айналысуға 
тыйым 
салынады. Осылайша, 666 саны мен кез – 
келген 
басқа 
да 
белгілер 
немесе 
символдардың - Ислам ілімінде мағынасы 
жоқтығын аңғарамыз. 
Мұсылмандар жақсылық, қауіпсіздік пен 
бейбітшілікті тек Алладан күтеді. Себебі 
шынайы мүміннің сенімі нық. Мүміндер: 
«Алла Тағала саған зиян қаласа, оны жер 


78
бетіндегі 7 миллиард адам болып сені 
құтқарамын десе де олардың қолынан ештеңе 
келмейді, ал Алла Тағала саған зиян қаламаса, 
жер бетіндегі барлық адамдар мен жындар 
бірлесіп келіп, саған зиян тигіземіз десе де 
олары іске аспайды, себебі тек Алланың 
қалағаны болады!» деп сенеді... 
Әрі қарай «Көзіңді аш! Кімді тыңдап 
жүрсің?!» атты жер бетін толық жаулаған 
музыка 
индустриясы, 
музыканттардың 
білдірмей санаға енгізіп жатқан ең қауіпті 
бағдарламалары жайында қысқаша шолу 
болады. Бұл индустрияның кейбір адам 
шошырлық тұстары бар. Әншілердің атақты 
болу жолында қандай құрбандыққа барып 
жатқаны, тіпті адам сенгісіз шарттарға келісім 
жасағандары таң қалдырады. Олар атақ пен 
байлықтың жолында қара күштерге қызмет 
етіп, 
толықтай 
өмірін 
бақытсыздыққа 
айырбастап алады. Статистика бойынша 
атақты адамдардың басым көпшілігі өмірін 
суицидпен, нашақорлықпен аяқтап жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет