«Замансөз» бен «публицистика» ұғымдарына бүгінгі көзқарас



Дата21.06.2023
өлшемі20,38 Kb.
#179051
Байланысты:
Замансөз бен публицистика ұғымдарына бүгінгі көзқарас. Сұлтан Бағдат


«Замансөз» бен «публицистика» ұғымдарына бүгінгі көзқарас
«Журналистикасыз көсемсөз де, шешенсөз де жарым - жан күй кешеді. Себебі, жұртқа жария болуы үшін де жазылған дүние газет - журналдарда басылуы керек».
С. Медеубекұлы
Қазақ халқының жазба және ауызша сөз өнерінің тамырларының жемісі - замансөз бен көсемсөз (публицистика). «Публицистика атауын қазақ тілінде «замансөз» деп қолдану бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми ортада, білім ошақтарында тәжірибеге ене бастады». 
«Қоғамдық сананы ояту үшін ауызша ой айту өнерін - жазба публицистиканы бір сөзбен «көсемсөз» деп атау журналистік қызметте, педагогикалық ортада тұрақталып, ғылыми айналымда орнықты. 
Қоғам. Уақыт. Өмір. Адамзат. Бір орында тұрмайтын, күнбе - күн тосын, тың жаңалықтар . Адамзаттың тууымен ақпаратқа қажеттілік соған орай артып келеді. Дәл XXI ғасыр - ақпараттың маңызы артқан заман.
Қарым - қатынастың негізгі құралы - тіл. Тілдің пайда болуын публицистиканың пайда болуына дейінгі алғашқы құбылыстың бірі ретінде сараласақ, тапқырлық пен ойдың ұшқырлығынан туған, үлгілі ойлар, тұжырымдар - шешендік өнердің пайда болуын публицистикаға негіз болған екінші арқама құбылыс ретінде қарастыра аламыз. Көне жазба ескерткіштері, өз алдына публицистиканың тарихи негізіне жатады. 
Замансөз - замана айнасы. "Заманның сөзін сөйлеп, қоғамның асқақ мақсаттарын, ұлттың ұлы армандарын күйттесе ғана БАҚ - тың бағы ашылады. Ал заманның сөзін сөйлеу шешенсөз бен көсемсөздің ғана міндетінде. Демек журналистика мен публицистика, яғни замансөз бірін - бірі толықытырып отыратын қоғамдық сананың қозғаушы күштері ретінде өз міндеттерін атқара береді".
Алқа топтың алдында сөз сөйлеу,
Шешенсөз журналистикадан бұрын қалыптасқаны мәлім. Алайда, шешенсөз қазіргі күні радио мен телевизия арқылы шаршы топта сөз бастай білетін білім адамын қажетсінетін халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдық сананы оятып отыр деп айта аламыз. Бұл - көсемсөздің сыңары. Яғни, шешенсөз - көсемсөзден ұшқыр. Себебі, суырып салма, тума дарын қабілет пен бойға біткен білім, көрегенділік арқылы туатын сөздің киесі де, қасиеті де бөлек. Өткен шақтың тарихи жадынамаларынан ең қажеттілерін ала отырып, қоғамның санасына қозғау салуға болады. «Шешенсөз бен көсемсөз ең әуелі нақты дерек, дұрыс мәлімет, анық факт арқылы дәл осы сәттегі қоғамдық санаға қозғау салуды көздейді. Олар нақ осы шақтағы тыңдаушыға, оқырманға, көрерменге бағытталады».
Замансөз - журналистиканың бір саласы. Ұлт тағдыры, мемлекет мүддесі сияқты тақырыптарға қалам тартқан публицситердің үзіндік, құнды ойлары бұқаралық ақпарат құралдардың көмегімен журналистер арқылы көпшілікнің назарына ұсынылады. Публицистиканың журналистика, БАҚ - ның құралдары пайда болмай тұрып, ауыздан ауызға келелі, кестелі, өрнекті ауызша - шешенсөз арқылы әр мемдекетте өте ертеден жүзеге асып келе жатқанын есте сақтаған жөн.
Публицистика, замансөз қатынасынсыз, БАҚ - тың қадірі болмайды. Себебі, әркім өз қара басының қарекеттерімен қоғамдық біртұтастық, ауызбіршілік жойылып, түптеп келгенде ел ішінде бытыраңқылыққа әкеліп тынатын еді.
Тұсбағдар ретінде ұлт ағартушысы А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы", Зейнолла Қабдоловтың "Сөз өнері", Рабиға Сыздықованың "Сөз құдіреті", С. Медеубекұлының "Замансөз: генезис және типологиясын" алдым. "Сөз дегеніміз - тіл ғимаратын қалайтын негізгі кірпіш"(10 - БЕТ). Алаш қайраткерлерінің негізгі мұраты елінің егемендігі еді. "Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі",- деген. Анығында, публицистика сөзінің негізгі төркіні латын тілінің "publicus" - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бұл түсініктен ұғынатынымыз, публицистика қоғамға тікелей қатысы бар. Публицистика дегеніміз халықтың дүниетанымы негізінде құралған дәуір тынысы. Сөздің таза, тұнық, дәл айтылуымен қатар сөздің көрнекі мағыналы болуына да назар аудару қажет. Ауызша сөз бен жазбаша сөздің аражігін ажыратып алайық. Осындағы, жазумен айтылатыны - көсемсөз, ал ауызша айтылатыны - шешенсөз. "Көсем сөз - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейтесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы", - делінген "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде". Жұрт ісіне маңызы зор болғандықтан, көсемсөзді тікелей әлеуметке басшылық сөз деп тани аламыз. Ал, білдей бір халыққа бағдар беретін публицист қандай болмақ керек? Бұл жайлы көсемсөздің алңаш анықтамасын берген А. Байтұрсынұлы: "...Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек...", - деп тоқсан ауыз сөздің түйінін дөп басқан(1, 224). Иә,публицистика дегеніміз, халықтың әлеуметтік - тұрмыстық, шаруалық, саясаттық, соттық тағысын тағы қоғамдық өмірінің жиынтық шерлі жазбасы. Жазба арқауы - шындық. Бауыржан Жақыптың зерттеуінде орынсыз нұсқаушылық пен артық дидактикалық сарын шығарманы құлпырта алмайтынын, қайта оның ықпал етушілік күшін төмендетіп алатындығын алға тартады. Заманмен бірге қатар шауып, публицистика публицистикалық шығармаларының шоғырын құрады. Мысалға, тәуелсіздік жолында Алаш қайраткелерінің публицистикасы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, 50 -жылдардағы жазба публицистика және Егеменді Қазақстан публицистикасы. Оқып, зерттеп, көкжиек танымын кеңейтейін деген адамға публицистиканы журналистік ақпаратпен ұштастырып жатады. Ойымызды жинақтайтын болсақ, публицистер деп бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылымдарын (ақпараттарын) мазмұндық жағынан толыққанды байытып, қоғамның санасына ықпал етіп, өзекті мәселелерді алдыңғы ретке қоюды жүзеге асыратын адамдарды айтамыз. 
Публицистика - шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем туынды шығармашылықтың көркем түріне жататыны ұғынықты немесе "әдебиет - көркем ойлау жемісі болса, замансөз - нақты ойлау жемісі". 
Яғни, замансөз - очерктер мен фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер т.б топтамалар жататын публицистік шығармалардың жиынтығы. Халықты рухани қуаттандыруға, көкірек көзін ашып, сауаттандыруға, ізгі іс пен адамгершілік құндылықтарға баулитын қоғамның көкейтесті мәселелерін қозғауға бағытталған алпауыт күш дария жазбасы.
Публицистика мен көркем әдебиетті арақатынасы тығыз, бір - біріне байланысы бар, бір - бірінен алшақтатып қоюға болмайды. Осы жайында, нақтырақ түсінік берген ұлы орыс сыншысы В. Г. Белинский көркем өнер мен публицистиканы аражігін ажыратпай, өнер тұрғысында бағалап, "... что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на государство на карте...»(2, 318) - деп жазған. Сөз құдіреті мен сөз өнері жайында ой толғата келе, көркем әдебиет пен публицистика үшін сөз бейнелеуіш құралдары, әсте керек. Себебі, метафоралар, эпитеттер, теңеулерсіз сөздің көркемдік нәрі болмайтыны анық. Бұл - қазақ тілінің байлылығы жайлы тақырыпқа төселеді. 
Публицистиканы мамандық, кәсіп түріндегі қызмет екенін айта кету жөн. Себебі, қазақ шежіре тарихында мамандығы өзге, бірақ мүдде мұраты адал бір Алаш қоғам қайраткері соған үлгі бола алады. «Мысалы, мамандығы орманшы Әлихан Бөкейханұлы...мамандығы заңгер Жақып Ақбаевтың лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлын, ақын Сәбит Дөнентаевты, теміржолшы Мұхаметжан Тынышбаевты, дәрігер Санжар Асфендияровты... өз заманының өткір ойлы публицестері ретінде айтып та жазып та жүрміз", - делінген. Сонымен, публицистика деп халықтың белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңінің заман шешіресі мен дәуір үні. Өткен кезеңге көз тастап, болашаққа нық қадам жасау үшін, өткенге оралып, жақсысын алып қалу қажет.
Публицистиканың тамыр жаю жолына қаламға жан бітіріп, сөздерді сөйлетейік. Адамзаттың асыл, құнды қасиеттерінің бірі де бірегейі – сөз өнері. Публицистика - белгілі бір халықтың тарихы мен дүниетанымы, мәдениеті мен әдебиеті, өміршеңдігіне негіз кілттік құрал. Алаш ордасын құрған қазақтың біртуар зиялы өкілдері аңсаған «Тәуелсіздік» атты биік те қастерлі тұғырға ғасырда бір туылар азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері, халықтың мұң - зары арқылы қол жеткіздік... Бабалар аңсаған бейбіт күннің әр шапағын һәм шуағын біз көріп келудеміз. Осы тұста, ұлттық публицистиканың халық өміріндегі атқаратын, ұлттық бірізділікті, бірлікті нығайтатын және айқындататын мәніне жол ашылған кезең – Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бірақ мүмкін болды.
Кеңес Одағының сор саясатының кезінде, қиян – кескі заманда сана, ой телегей теңізінен құндыны іріктеп алып, ұлттың егемендік жолында үлкен рөл атқарған, тарих бетінде асыл мұра болып қалыптасып – кірігуіне септік тигізген, халқы қиналса, демеп, намыс рухын оятып, жігер берген, биік белестерді бағындыруға шақырған қазақ публицистикасы ұлттың рухани алмас қазынасына айналды.
Тұсбағдар ретінде Бауыржан Жақыптың «Публицистика негіздері» оқулығы аталмыш тақырыптың барлау, көкжиек таным ауқымын кеңейтіп қана қоймай, дәйек пен дәлел қатынасында, ұлттың негізгі ұйытқысы, кредосы болған бір топ интеллигенция өкілдерінің еңбектерін басшылыққа алып жазғанын оқи аламыз, яғни, өзгенің емес, нақ өзіміздің, қазақ халқы публицистикасының ішкі тыныс – тіршіліген толығымен хабардар болатынымыз, әсілінде, біле бірген ұлт баласына бақыт емей не?..
Публицистика жайлы келелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туғаны мәлім. XX ғасырдың 30 – 40 жылдары қазақ ағартушы – демократтары Абай, Ыбырай, Шоқан публицистикалары өз алдына бір төбе болды, жеке салалы зерттеуді қажет ететін, қазақ публицистикасының бастама қайнар бұлағы, жарық жұлдызы болды. «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді», - деп қазақ халқы біліп айтқан. Қай уақытта болмасын қадірін, маңызын, айқындылығын сақтайтын білімір жазбалар халыққа білімнің шырағы ретінде қызмет қылатыны анық.
«Қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелерді алғаш рет бір арнаға түісіріп, публицистиканы дербес пән ретінде қарастырып, оның мазмұны, формасы, әдісі, функциялары туралы ғылыми тұжырымдар жасаған профессор Т. Амандосов болды. Оның «Современная казахская публицистика» атты докторлық диссертациясында публицистиканың кейбір ерекшіліктері көрсетілді; Ә. Әлімжанов, Ұ. Бағаев, Б. Бұлқышев, Ә. Нұршайықов, К.Қазыбаев сияқты қаламгерлер шығармашылығы негізінде публицистік шеберлік мәселелері зерттелді; қазақ публицистикасының жанрлары айқындалды. Иә, қазақ публицистикасының зерттелуі екі бағытта жүргені мәлім еді. Бірі – публицистиканың журналистика саласындағы тарихы, теориясы мен тәжірибесіне негізделген кезеңі. Осы ретте алғаш аталым кітап 1961 жылы жарық көрген М.И. Фетисовтың «Зарождение казахской публицистики» атты еңбегі дәлел. Әлбетте, отаршыл жүйе өзінікін болдырған заман еді, автордың ойлары кеңестік кезең талаптары бойынша өрбігенін байқауға болады. Иә, еңбекте Абай, Ыбырай, Шоқан еңбектері талданады, алайда, публицистикаға қатысты нақты айқындама жоқтығын көресіз. Ал, зерттеудің екінші бөлігі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдармен қатар жүреді. Бұл – көрнекті қазақ публицестірінің, атап айтар болсақ, А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтің, С.Қожановтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, К. Смайыловтың, С. Мәуленовтың, Ш. Мұртазаның, Е. Букетовтің публицистік шығармаларына қатысты еңбектері бастама болды.
Егемендік күшінің бір ұшқыны қазақ жазба мәдениетінің тарихи дамуына үңілдірді. Әлбетте, қазақ публицистикасын зерттеу арқылы – ұлттық сананы ояту қаупі және Алаш азамат қаламгерлерінің еңбектерін зерттемек бұрын, атын атаудың өзі қылмыс жасағанмен тең еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет