Заркенова Л. С., Ильясова Б. И



Дата22.08.2017
өлшемі39,6 Kb.
#24706
Заркенова Л.С., Ильясова Б.И.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.



Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың білім беру міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.

Тәрбие әдістері – оқушылардың қажеттілік-мотивациялық аумағының және сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, оны түзетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері.

«Білім беру технологиясы дегеніміз педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогтың бірізіділік өзара байланысты әрекеттер жүйесі немесе алдын ала жобаланған педагогикалық процестің практика жүзінде бірізділікпен жүзеге асырылуы. Педагогикалық технология – бұл нақты ғылыми жобалау және сәттілікті кепілдейтін педагогикалық әрекеттердің дәл орындалуы». Бұндай контекстте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың дамуы мен білім алуының арнайы білім беру технологиялары туралы айтуға болады [1].



Оқыту әдістерін білім көзі бойынша жіктеу: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Оқыту әдістерін оқушының танымдық әрекетінің мінездемесі бойынша жіктеу: түсіндірме-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы баяндау, ішінара баяндау немесе эвристикалық, зерттеу.

Оқыту әдістерін дидактикалық мақсаттар бойынша жіктеу: жаңа білімдерді мазмұндау әдістері, қайталау, білімдерді бекіту әдістері, білімдерді қолдану әдістері, білімді бақылау әдістері.

Оқыту әдістерін сабақтардың дидактикалық мақсаттары мен міндеттері және сәйкесті мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің түрі бойынша жіктеу: коммуникативті, танымдық, жаңашылдандыру, жүйелендіруші, бақылаушы [2].

Оқыту әдістерін жіктеу



Негізгі жіктеулер

Оқыту әдістерінің топтары

Білім көзі

- Сөздік

- Көрнекілік

- Практикалық


Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің сипаттамасы

- Түсіндірме-иллюстративті

- Репродуктивті

- Проблемалы баяндау

- Ішінара баяндау немесе эвристикалық

- Зерттеу


Оқытудың дидактикалық мақсаттары мен міндеттері

- Жаңа білімдерді мазмұндау әдістері

- Қайталау, білімдерді бекіту әдістері

- Білімдерді қолдану әдістері

- Білімді бақылау әдістері



Оқыту процесіне тұтас ыңғай жасау

- Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдістері

- Қызықтыру мен мотивация әдістері

- Бақылау мен өздік бақылау әдістері



Оқыту әдістерінің тандауын анықтайтын факторлар:

  1. Сабақ мақсаттары мен міндеттері.

  2. Сабақ тақырыбы, материалдың мазмұны.

  3. Оқушыларды оқыту кезеңі.

  4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейі.

  5. Оқушылардың жас, жеке және типологиялық ерекшеліктері.

  6. Оқу процесінің материалдық-техникалық жабдықтануы.

  7. Мұғалім-дефектологтың педагогикалық шеберлігінің деңгейі.

Сонымен, оқытудың жалпыпедагогикалық әдістері мен тәсілдері арнайы педагогикамен ерекше түрде қолданылады, ол келесіні көздейді:

- оқушының білім алуда ерекше қажеттіліктеріне және онымен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың спецификасына жауап беретін басқаша әдістер мен тәсілдердің композициясын арнайы іріктеу;

- әдістердің осы бірлестігін ерекше жүзеге асыру.

Оқыту әдістерін іріктегенде және композиция жасағанда тек алыстатылған түзете-білім беру міндеттері ғана есепке алынбай, сонымен қоса жақындағы, оқытудың нақты мақсаттары да есепке алынады, мысалы, іскерліктің белгіленген тобын қалыптастыру, жаңа материалды игеру үшін қажетті сөздікті белсендіру және т.б.


Әдебиет тізімі



1. Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика.- Қарағанды, 2012.

2. Специальная педагогика: Учеб.пособие для студ. Высш.пед.учеб.завед. / Л.И.Аксёнова, Б.А.Архипов, Л.И.Белякова и др.; Под ред. Н.М.Назаровой. – М.: Изд. Центр «Академия», 2009.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет