Зат есімнің өнімді жұрнақтары


-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалатын сөздерді төмендегіше бірнеше жікке бөліп, топтауға болады



бет2/4
Дата20.10.2023
өлшемі2,23 Mb.
#186889
1   2   3   4
Байланысты:
Құлжанова Б.Р. СРС сызба

3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалатын сөздерді төмендегіше бірнеше жікке бөліп, топтауға болады.

1) Нақтылы лексикалық мағыналы есімдерден абстракт ұғымды атау сөздер туады. Мысалы: кісілік, достық, туысқандық, құрбылық, қателік, қорлық, жаңалық биіктік, жақсылық, батылдық, сезімдік, өткірлік, жылдамдық, шапшаңдық, тездік, көптік, аздық, жоқтық, мүмкіндік т. б.

2) Нақтылы (конкретті) заттардың да аттары туады: түндік, орындық, қазандық, кездік, тұздық, төстік, қымыздық, инелік, өсімдік т. б.

3) Әр алуан мекендік, мезгілдік мағыналарды ретін есімдер жасалады: айлық, жылдық, шабындық, егіндік, апталық, түстік т. б.

4) Есептік сан есімдерден қатысты заттық ұғым атаулары туады: бірлік, екілік, үштік, ондық, жүздік, мыңдық т. б.

4. -ыл, -іл, -л. Есімдер мен етістіктерге ортақ, омонимдес бұл өнімді жұрнақтар мағыналары басқа-басқа алуан түрлі жаңа сөздер жасайды. Мысалы, шикіл, қатал сын есімге тән формалар болса, тарыл, тіріл дегендер сын есімдерден жасалған туынды етістіктер. Сол етістікке тән -ыл, -л формаларының де іштей бірдей емес. Мысалы: жөтел, оңал, жоғал, суал деген туын- ды етістіктер мен тартыл, сарқыл, ашыл, бүгіл сияқты ырықсыз етіс формаларын зат есім, сын есімдермен жарқыл, жатыл; батыл, қатал деген сөзедермен салыстырып қарасақ, -ыл (-іл, -л) жұрнағы белгілі бір сөз табына ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға ортақ, омоним форма екендігі айқын көрінеді. Ал, -ыл (-іл, -л) жұрнағы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерге қосылғанда туынды зат есім жасайды. Мысалы, қаңқыл, сыңқыл, суыл, мыңқыл, сақыл, тарсыл, дүріл, гүріл, лапыл, қалшыл, діріл т. б. Сөйтіп, бұл топтың ішінен -шы (-ші); -лық (-лік -тық -тік); -ыл (-іл, -л) жұрнақтары әрі жалаң, әрі омонимдес косымшалар болады; -шылық (-шілік) және -гер- шілік жұрнақтары құранды (күрделі) қосымшалар; ал, -шылық қосымшасы мен -шы (-ші) формасы кейбір жағдайда өзара синонимдес болып келеді.

5. -кер (-гер) жұрнағы арқылы туған сөздер іс-әрекет иесінің атауы ретінде, адамзат есімдері есебінде қызмет атқарады. Мысалы: айлакер, қызметкер, дәрігер, іскер, жұмыскер, қаламгер, саудагер, суреткер, сайыскер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет