Газ заңдары
Газдың алынған белгілі бір мөлшері мынадай төрт шамамен сипатталады:
Оның m массасы
Оның алып тұратын V көлемі
Р қысымы
t температурасы
Бұл шамалардың барлығы да біріне-бірі тәуелді болады.Жалпы алғанда бұлардың біреуі өзгергенде қалғандарының барлығы да өзгереді. Осы шамалардың барлығын заңды түрде байланыстыратын формула газ күйінің теңдеуі деп аталады.
Бойль-Мариотт заңы. Газ күйіндегі заттардың меншікті көлемі болмайды. Сондықтан газдар ыдысқа толтырылғанда, сол ыдыстың көлемін толық алып тұрады және ыдыс қабырғаларына белгілі бір қысым күшін түсіреді.
XVII ғасырдың ортасында ағылшын ғалымы Р.Бойль және француз физигі З. Мариотт бір-біріне тәуелсіз жасалған тәжірибе қорытындыларынан, температура тұрақты болғанда газ көлемінің V оның Р қысымына тәуелді өзгеретінін тұжырымдады, яғни берілген m газ массасы үшін тұрақты температура оның Р қысымы V көлеміне кері пропорционал өзгереді, яғни
(8)
Бұл тәуелділікті изотерма деп аталатын гипербола қисығымен көрсетуге болады(2-сурет).
2-сурет
Гей-Люссак заңы. Газдың V көлемінің, оның Т температурасына, тұрақты Р қысымына тәуелді болу шартын бірінші рет француз ғалымы Гей-Люссак тағайындады. Берілген газ массасы үшін қысымы тұрақты болғанда, газ көлемі оның температурасына сызықты тәуелді өзгереді
(9)
Мұндағы - газдың 00C –дағы көлемі, - газдың көлемдік ұлғаюының термиялық коэффициенті. Қысымның әрбір мәнініне сәйкес келетін түзу сызық изобара деп аталады(3-сурет).
3-сурет
Шарль заңы.Тұрақты көлемде газз температурасының қысымға тәуелді болатны да анықталады, яғни берілген газдың массасы үшін көлемі тұрақты болғанда, газ қысымы оның температурасына сызықты тәуелділікте өзгереді.
(10)
Мұндағы -газдың 00C–тағы қысымы, -газдың көлемдік ұлғаюының термиялық коэффициенті. Көлем тұрақты болғанда , Р мен t тәуелділігі түзу сызықты және ол изохора деп аталады(4-сурет).
4-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |