Бұл зерттеу әдісінде контрасты затты теріасты пункциясы немесе дренажды трубка арқылы тостағанша-түбекше жүйесіне жібереді. Экскреторлы урография, ретроградты пиелография әдісін жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда жасалынады.
Цистография
Суда еритін контрасты зат арқылы қуықты зерттейтін әдіс. Цистографияны төмен және жоғары болып бөледі. Төмен цистография – экскреторлы урография зерттеу әдісіне ұқсас, көк тамырға контрастты зат енгізгеннен кейін 30' зерттеледі (қуыққа контрастты зат енгенен кейін). Жоғары цистография –контрасты затты катетер арқылы ретроградты жүргізіледі. Керек болған жағдайда жоғары цистографияда газ жіберіледі (пневмоцистография).