Контрасты затты жібермей тұрып, алдымен құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы жасалады. Бұл суретте құрсақ қуысының және іш қуысы кеңістігінің жағдайын зерттеп, рентгеноконтрасты конкременттердің бар жоқтығын анықтайды.
Экскреторлы урография
Экскреторлы урография – бұл қарапайым, сенімді, ақпаратты және сәулелік диагностикада кеңінен қолданылатын әдіс. Оны орындау үшін көктамырға 40-60 мл йод құрамды контрасты зат жіберіп, іш қуысы мен жамбас сүйектер суреттерін сериялы түрде түсіреді. Суреттер әр 5-7; 10-15 және 25-30 минут сайын түсіріледі.