УДЗ әдісі кең тараған әдіс болып табылады. Бұл сонограмма арқылы зәр шығару жүйесінің барлық бөлімдері жақсы көрінеді. УДЗ әдісі инвазивті емес, қолдануға ыңғайлы. УДЗ бел аймағы арқылы трансабдоминальді қарайды, себебі құрсақ қуысы бүйір бөлігінде бүйрек суреті айқын көрінеді. Бұл әдіспен бүйрек капсуласын (ол гиперэхогенді полоска түрінде көрінеді), қыртысты және милы қабаттарды, тостағанша және түбекшеге баға береміз.