Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
2.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3.Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4.Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жақка аздап қана ажыратқан.
5.Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз
6.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
7.Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.
8.Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
9.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
10.Сол қолдың I және II саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |