Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс



бет17/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Зәр шығару

Іс – әрекет алгоритмі:
1.Науқаспен өзара сенімді қарым – қатынасты орнатыңыз.
2.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келесімін алыңыз.
3.Науқастың кермемен оқшалаңыз.
4.Науқасты арқасымен жатқызыңыз:тізесінен бүгілген екі аяғын жан – жаққа аздап қана ажыратыңыз.
5.Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.Судноны беріңіз .
6.Гигиеналық түрде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
7.Науқасты жуындыруға арналған құрал – жабдықтарды дайындаңыз, жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағына тұрыңыз, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.
8.Сол қолдың 3 -4 саусақтары арасынан жыныс мүшелерін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.
9.Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз.Тампондарды ауыстыра отырып жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналын шетке қарай тазартыңыз.
10.Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.
11.Пинцетті ауыстырыңыз.
12.Оң қолды қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықты алыңыз,катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысыңыз.
13.Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
14.Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см – дей енгізіңіз.
15.Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап,зәр шығарытын каналға 19-20 см ұзындықты ақырын енгізіңіз.
16.Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.
Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.
17.Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен катетерді абайлап шығарыңыз.
18.Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
19.Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
20.Қолғапты шешіңіз.Қолғапты және сүрітінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
21.Қолыңызды жуып,кептіріңіз.
22.Науқасқа физикалық және психикалық тыңыштықты қамтамасыз етіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет