Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


Киіп жүретін несепқабылдағыштар



бет20/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Зәр шығару

Киіп жүретін несепқабылдағыштар
Белсенді өмір сүретін пациенттерге арналған. Мұндай несепқабылдағыштарға қойылатын талаптар өте қарапайым: пациент жүргенде қолайлы болып пациент өзін еркін сезінуі қажет. Оның бір неше түрлері бар.
Люкс түрінде Т-тәрізді босату шүмегі бір қолмен қапшықты босатуға мүмкіндік береді, несептің қолға жанасуын болдырмайды. Ал стандартты түрлерінде бір қолмен қапшықты ұстап, екінші қолмен түзу орналасқан шүмекті ашып қапшықты босатуға тура келеді, несептің медбике қолымен жанасуы байқалады. Сонымен қатар стандартты несепқабылдағыштардың қабырғалары бірдей болып, поливинилхлоридтен жасалған, ол пациенттің аяқ терісіне жанасқанда дайсыздық сезімін тудырады. Ал люкс түрлерінде несепқабылдағыштың пациент аяғының терісіне жанасатын аймағына жұмсақ астар тігіледі және несепқабылдағыш аяққа бекітілген арнайы белдеулермен жабдықталады. Пациент мұндай несепқабылдағыштарды қолданғанда өзін жайлы сезінеді.
Тұрақты уретралді катетер қойылған пациенттерде несеп жолдарының инфекциясын алдын алу жағдайлары:

  • Катетерді асептика ережелерін қатаң сақтай отырып, жарақаттамайтын әдістермен енгізу;

  • Несепқабылдағышты катетерге сенімді бекіту;

  • Катетерді қажетінен коп ұстамау;

  • Катетер және несепқабылдағышпен кез-келген манипуляциядан алдын және кейін қолды жуу;

  • «катетер-несепқабылдағышпенг» жүйесінің бекітілгенін бақылау, катетерді шаю қажеттілігінде ғана жүйені ажырату;

  • Катетерді тек бітеліп қалу қауіпінде ғана асептика ережелерін қатаң сақтай отырып шаю;

  • Несепқабылдағышты қуық деңгейінен төмен орналастыру, катетердің қысылып, бүктеліп қалуын болдырмау;

  • Күніне 2 реттен кем емес шат аралығына және енгізілген катетерге күтім жасау.

Тұрақты катетері бар пациенттер үшін ережелер:

  1. Қарсы көрсетпелер болмаған жағдайда несеп мөлшерін көбейту және несептің қоюлығын азайту, сонымен катетердің ластануына әкелетін, несептің ағуына кедергі жасайтын тұнбалардың алдын алу мақсатында пациент көпмөлшерде – тәулігіне 2,5-3 литрге дейін сұйықтықты су, шырындар түрінде қабылдауы қажет.

  2. Күнделікті шат аралығын сабын және сумен жуу қажет.

  3. Жүру немесе кресло-каталкада қозғалу , дене қалпын жиі өзгерту, төсектің бас жағын көтеру несеп ағуды жеңілдетеді.

  4. Несептің қайтақуыққа түсу және жұқа енуін болдырмау 8үшін дренажды қапшық қуық деңгейінен төмен орналасуы қажет. Пациент төсегінде жатқан кезде қапшық еш қашан денесінде жатпауы керек.

  5. Қапшықты жүйелі түрде босатып немесе ауыстырып отыру қажет. Лас несептің қуыққа түсуін болдырмау үшін қапшықты толығымен толғанға дейін (шамамен әр 8 сағатта) ауыстыру немесе босату қажет.

  6. Катетер және дренажды қапшықпен жүргізілетін манипуляциялардан соң қолдар жуылады.

  7. Жүйелі түрде катетердің бітелмегенін , бүктеліп, бұралып қалмағанын және қапшық катетермен жақсы бекітілгенін тексеріп тұру.

  8. Кенет қимыл әрекет жасамау, бұл кезде катетердің шығып кетуі және несеп жолдары сілемейлі қабаттарының жарақаттануы байқалуы мүмкін.

  9. Несеп жолдары сілемейлі қабаттарының жарақаттануын болдырмау үшін катетерді санға лейкопластырмен бекіту қажет.

Келесі жағдайларды міндетті түрде дәрігерге хабарлау керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет