Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы
ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»
|
|
ГКП НА ПХВ медицинский колледж
Управления здравоохранения г.Алматы
|
«Медбикелік ісі негіздері» пәні бойынша ОӘК
|
Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы
ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»
|
|
|
«Медбикелік ісі негіздері» пәні бойынша ОӘК
|
Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс
Бүйрек аурулары себептерін, дамуын, клиникалық ағымын зерттейтін, оларды емдеу, алдын алу жолдарын қарастыратын ішкі аурулар бөлімі нефрология деп аталады. Урология зәр шығару жүйесінің хирургиялық ауруларын зерттейді.
Бүйректің негізгі қызметі – бөліп шығару. Бүйректер ағзадан суда еріген тұздарды, зат алмасу өнімдерін бөліп шығарады. Қалыпты жағдайда бүйрек несеп түзу мен бөлуден басқа қызметтер ле атқарады. Ол айналымдағы қан көлемін, кальций фосфор алмасуының барлық түрлерін, артериялық қысымды реттейді.
Тәулік бойы бөлетін зәр мөлшері диурез деп аталады, қалыпты жағдайда ересек адамдарда диурез 1000-2000мл болып, ішке қабылданған сұйықтықтың 50-80% құрайды. Сұйықтықтың қалған мөлшері өкпе арқылы (300-400мл, физиологиялық жүктемеде 500мл/тәулігіне дейін), тері арқылы(300-400-500мл/тәулігіне) және 100мл-ге дейін нәжіспен бөлінеді. Диурез көлемі мен мөлшерде сұйықтық қабылдағанда ұлғаяды және керісінше,физикалық жүктемелерде, ыстық ауа райында, жоғары терлегіштік, құсқан кезде, іш өткенде т.б.төмендейді.
Дені сау адамдарда зәр қасиеттері: түсі – сабан сары (урохром пигметіне байланысты), иіссіз, мөлдір, тығыздығы(меншікті салмағы) тәулік бойы 1010- дан 1026 -ға дейін, реакциясы – әлсіз қышқылды; тұздар – аз мөлшерде цилиндрлер, бактериялар болмайды.
Несеп бөлу - ағзадан өмір сүру өнімдерін сыртқа шығарумен сипатталатын адамның физиологиялық қажеттілігі. Қуықта , 250-450 мл зәр жиналған кезде зәр бөлуге қажеттілік сезімі пайда болады.
Зәр шығару жүйесі ауруларында пациенттерде әр түрлі шағымдар байқалады. Оларға: ісіктер, зәр бөлінудің бұзылулары, бел аймағының ауырсынуы, қан қысымының көтерілуі т.б.жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |