Зәр шығару жүйесінін қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс


Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар)



бет2/20
Дата07.02.2022
өлшемі247 Kb.
#88754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Зәр шығару

Зәр бөлінудің бұзылулары (дизуриялық бұзылулар)

  1. Поллакурия - зәр бөлінуінің жиілеуі:

- физиологиялық – жүктілік кезінде, көп мөлшерде суйықтық қабылдағанда, дене суықтағанда;
- патологиялық – қантты диабетте, қуықтың қабынуында, қуықтың қатерлі ісігінде.
Кейде жатыр және ішектің ісіктерінде поллакурия байқалады.
2. Странгурия – жиі және ауырсынумен зәр бөліну. Қуықтың қабынуында, қуық мойны спазмымен, қуық немесе зәр шығару каналының ісіктеріне байланысты болуы мүмкін. Еркектерде – простата безі аденомасы – странгурияның жиі себептері.
3. Ишурия – жіті зәрдің тоқтауы, қуық толған кезде өзіндік зәрді сыртқа шығара алмау:
- рефлекторлы (операциядан соң, босанудан соң) – неврогенді жағдайлармен, жатқан қалыпта зәр бөлу әдетінің болмауы, бөтен адамдардың болуы, зәр бөліну кезінде ауырсыну сезімінен қорқумен байланысты:
- патологиялық – механикалық кедергілер (зәр шығару каналында тастар немесе ісік, простата безі ісігі) болуымен байланысты.
4. Полиурия – тәуліктік диурездің 2л-ден басым болуы:
-физиологиялық – көп мөлшерде сұйықтық қабылдағанда;
-патологиялық – қантты диабетте, ісіктердің қайтуында.
5. Олигурия – тәуліктік диурездің 500 мл-ден кем болуы:
-физиологиялық – аз мөлшерде сұйықтық қабылдағанда, жылдың ыстық мезгілінде, жоғары терлегіштікте.
-патологиялық – бүйрек жетіспеушілігінде, құсу, іш өту кезінде, қызба.
6. Анурия – зәр бөлінудің тоқтауы. Қан айналым бұзылуларында ( шок, тромбоз, коллапс), улануларда, ісік, тас, жарақат салдарынан несеп бөліну бұзылуларында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет