Бөлу қажеттілігін қанағаттандыруының бұзылуына әкелетін зәр шығару жүйесі қызметі бұзылғандағы медбикелік үрдіс
Бірінші кезең
Пациенттен қажетті мәліметтерді алу үшін шағымдардың қашан басталғанын, қалай басталғанын (бірден немесе біртіндеп), қатты толқу, күйзеліс, жүйкелі-психикалық күшпен байланысын анықтау кажет.
Сонымен қатар, пациенттің зиянды әдеттері туралы (ішімдік ішу), ас мәзірінің құрамында көптеген ащы, тұзды, кептірілген тағамдардың бар –жоқтығын, тәулігіне қанша сұйықтықтар қабылдайтынын, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектер қолданғанын ( әсіресе аспирин, сульфаниламидтер) анықтау маңызды.
Пациентті сұрастыру кезінде тұрмыстық жағдайы туралы, ал әйелдерде жүктіліктің ағымы туралы сұрастыру қажет.
Зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп-қатерлер:
Тоңазу;
Ішімдік;
Шылым шегу;
Физикалық және психикалық күш түсу;
Тамақтағы жиі ауырсыну, тістердің кариеске ұшырауы;
Тұзды, ащы тағамдарды шектен тыс қолдану;
Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану;
Мезгілге лайықсыз киіну;
Кездейсоқ, тәртіпсіз, жыныстық байланыстар;
Еңбектегі зиянды жағдайлар;
Жыныс жүшесінің гигиенасын сақтамау.
Пациентті жалпы жоспар бойынша қарап, бөліну қажеттілігін қанағаттандыру бұзылысына тән обьективті мәліметтерді жинау қажет:
Пациенттің қалпы (бүйрек шаншуы, үлкен ісіктер кезіндегі мәжбүрлік қалпы);
Теріні қарау (бозғылт, қабақтардың, беттің ісінуі, несеп ұстамау кезіндегі мацерация, ойықтар);
Ауыздан зәр иісі шығу;
Зәрді көзбен қарау ( түсі, көлемі, мөлдірлігі, қоспалар);
3 тәулік сайын су балансын салыстырмалы түрде өлшеу ( пациентті өлшеу);
3 тәулік сайын салыстырмалы түрде салмағын өлшеу;
Дене қызуының көрсеткішін анықтау;
Қан қысымы көрсеткішін анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |