Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Дисахаридтерге сапалық реакциялар



бет18/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Дисахаридтерге сапалық реакциялар


С6Н12О6 + С6Н12О6 → С12Н22О11 + Н2О
глюкоза фруктоза сахароза


7-тәжірибе: Сахароза, мальтоза, лактозаның тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Жұмыс барысы: 3 мл дисахаридтердің кез-келген өкілінің ерітіндісіне сондай өлшерде Феллинг сұйықтығын қосып қыздырады. Нәтижесінде мальтоза мен лактоза оң реакция, ал сахароза теріс реакцияны көрсетеді. Себебі сахарозадағы активті ОН тобы бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде өзгермейді.
8-тәжірибе: Сахарозаға түсті реакция.
Сахароза күкіртқышқыл кобальтпен түсті реакция береді.
Жұмыс барысы: 2-3 мл 1%-ті сахароза ерітіндісіне 0,5 мл 2%-ті CoSO4 және 2 мл 10%-ті NaOH қосамыз. Ерітіндінің күлгін түске боялғанын көреміз.


Зертханалық жұмыс №9
Полисахаридтерге түсті реакциялар
Екінші қатардағы полисахаридтер моно және дисахаридтерден көптеген қасиеттері жағынан ажыратылады. Олар тотығу-тотықсыздану реакциясын, озазондар түзу реакциясын бермейді және ашытқының әсерінен ашу процесі жүрмейді. 2-ші қатардағы полисахаридтерге крахмал-өсімдік қанты, гликоген-жануар қанты, инулин, клетчатка немесе гемицеллилоза, пектин заттары, гепарин, камедь, агар-агар және т.б. жатады.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: плитка, су моншасы, сүзгі қағаз, пробиркалар, спирт шамы, 1%-ті крахмал ер-сі, (NH4)2SO4 кристалы, этил спирті, Люголь ер-сі, 10%-ті NaOH, 1%-ті сахароза ер-сі, 2 н. NaOH, 10%-ті Н2SO4 ер-сі, Феллинг сұйықтығы, конц. HCl, агар-агар кристалы, І2 ер-сі.
1-тәжірибе: Крахмалдың коллоидтық қасиетіне реакциялар.
Жұмыс барысы: Екі пробиркаға 3 мл 1%-ті крахмал ерітіндісін құйып, 1-ші пробиркаға (NH4)2SO4 кристалдарын крахмал ерітіндісі толық қаныққанша қосады. Ерімеген (NH4)2SO4 кристалдарының үстінде крахмалдың тұнбасы түзіледі. 2-ші пробиркаға 6 мл этил спирті қосылады, крахмал тұнбаға түседі.
2-тәжірибе: Крахмалдың иодпен реакциясы
Жұмыс барысы: 2-3 мл крахмал ерітіндісіне 1-2 тамшы Люголь ерітіндісін тамызады. Ерітінді көк түске боялады. Осы ерітіндіні үш пробиркаға бөледі: 1-ге 1-2 мл 10%-ті NaOH, 2-ге этил спиртін, 3-ні су моншасында қыздырады. Барлық жағдайда көк түс жоғалып кетеді, ал 3-ші пробиркадағы түс салқындағанда қайтадан пайда болады.
3-тәжірибе: Крахмалды гидролиздеу немесе декстриндер алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет