Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Керекті құралдар мен реактивтер



бет26/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Керекті құралдар мен реактивтер: жаңа күнбағыс майы және ескі май, конц. СН3СООН, хлороформ, 2%-ті йодты калийдің ерітіндісі, 0,5%-ті крахмал, 0,1 н гипосульфит ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Бір пробиркаға 2 тамшы жаңа күнбағыс майын алады, екі пробиркаға да осындай мөлшерде ескі май алынады. Пробиркалардың барлығына да 10 тамшыдан концентрлі сірке қышқылы мен хлороформның қоспасын (2:1), 5 тамшыдан 2% йодты калийдің ерітіндісін қосып шайқайды. Үш пробиркаға 2 тамшыдан 0,5%-ті крахмал ерітіндісі қосылады. Жаңа майы бар пробирка сол түссіз күйінде қалса, ал қалған екі пробиркадағы сұйықтық көк түске (ескі май) боялады. Көк түске боялған пробирканың біріне тамшылатып 0,1 н гипосульфит ерітіндісін қосқанда, көк түстің жойылғаны байқалады. Неғұрлым түссіздендіруге гипосульфиттің тамшысы көп кетсе, соғұрлым майдың құрамында асқын тотықты қосылыстардың жоғары екендігін көрсетеді. Жұмыстың нәтидесін кестеге түсіріп жазуға болады.



Күнбағыс майы

Әр түрлі заттарды қосқаннан кейінгі сұйықтың түсі

Йодты калий

Крахмал

Гипосульфит

Жаңа май










Ескірген май










Қорытынды:


Майдың эмульсиялануы.
а) өсімдік майы;
б) 2%-ті Na2CO3;
в) 2%-ті сабын ерітіндісі;
г) өт сұйықтығы;
д) дистилденген су.
Жұмыс барысы: 4 пробиркаға, 5 тамшыдан өсімдік майы тамызылады. Бірінші пробиркаға 2 мл дистилденген су, екіншісіне 2 мл 2%-ті Na2CO3 ерітіндісінен, үшіншісіне 2%-ті сабын ерітіндісі, төртіншісіне 2 мл дистилденген су және бірнеше тамшы өт сұйықтығы салынады. Барлық пробиркаларды араластырып, әр біріндегі түзілген эмульсия бақыланады. Бірінші пробиркада түзілген эмульсия тұрақты, аз уақыттың өтуімен су және май қабаттарына бөлінеді, яғни өзгеріссіз қалады. Мұның себебі, пробиркаларға қосылған эмульгатор май тамшыларының сыртқы қабатында адсорбцияланып, оның сыртқы қабатын кеңейтеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет