Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет24/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Мұндағы: а – контрольді титрлеуге кеткен гипосульфиттің мл мөлшері;
в – тәжірибені титрлеуге кеткен гипосульфиттің мл мөлшері;
0,0127 – гипосульфиттің йод бойынша титрі;
с – майдың салмақ мөлшері.
Майлардағы қышқылдық санды анықтау.
Қышқылдық сан 1 г майдың құрамында кездесетін бос май қышқылдарын нейтралдауға кететін калий гидроксидінің миллиграмм мөлшерімен өлшенеді.Қышқылдық сан басқада физикалық-химиялық көрсеткіштерімен қатар майдың сапасын сипаттайды. Мысалы, егер май пісіп жетілген дәндерден алынса, онда бос май қышқылдары аз болады, ал пісіп жетілмеген тұқымдардан алынған майда бос май қышқылдарының мөлшері едәуір көп. Майларды сақтауда глицеридтер гидролизденуі салдарынан бос май қышқылдары түзіледі, ал ол қышқылдықты арттырады. Неғұрлым қышқылдық сан үлкен болған сайын майдың сапасы соғұрлым төмендей түседі. Әдетте титрлейді натрий гидроксидімен емес, калий гидроксидімен жүргізеді, себебі түзілетін калийлі сабын тәжірибені қою барысында оңай ериді.
Керекті құралдар мен реактивтер: 50-100 мл колба, күнбағыс майы, хлороформ, фенолфталеин, 0,1 н сілті ерітіндісі.
Жұмыс барысы: 50-100 мл колбаға 10 тамшы күнбағыс майын құяды (әрбір тамшысы 0,1 мл сәйкес келеді). Оған 4 мл хлороформ қосып, сосын 1-2 тамшы фенолфталеин тамызып, 0,1 н сілті ерітіндісімен әлсіз алқызыл түске дейін титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің мөлшері қышқылдық санға сәйкес келеді. Әр түрлі майлардың қышқылдық саны салыстырылады. Қышқылдық санды формула арқылы есептейді:
Қышқылдық сан = V  T/a;


Мұндағы: V – алынған майды т титрлеуге кеткен 0,1 н КОН ерітіндісінің мл
мөлшері;
Т – 0,1 н калий гидроксидінің титрі (мг);
а – майдың г алынған салмағы.


Майлардың сабындану санын анықтау.
Сабындану саны 1 г майдағы байланысқан және байлваныспаған май қышқылдарын нейтралдауға кететін калий гидроксидінің милиграммен алынған мөлшерін көрсетеді. Экспериментальдық түрде сабындану саны мен қышқылдық санның айырмасы арқылы эфирлік сан анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет