Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет4/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

4-тәжірибе. Нингидрин реакциясы. Бұл реакция белок молекуласындағы -амин қышқылын алу үшін пайдаланылады. Белоктар, полипептидтер мен амин қышқылы нингидринмен қосып қыздырғанда көк немесе сия көк түсті қосылыс түзеді. Реакцияның мәні мынада: -амин қышқылдары және пептидтер нингидринмен әрекеттескенде тотығу арқылы дезаминдену мен декарбоксилденуге ұшырайды.



Тотықсыздандырылған нингидрин аммиак және нингидриннің екінші молекуласымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті күрделі қосылыс түзеді.


Жұмыс барысы: 2-3 мл сұйытылған белок ерітіндісіне 95%-тік ацетон ерітіндісіндегі 1%-тік нингидрин ерітіндісінің 3-4 тамшысын тамызады. Ерітіндіні араластырып, температурасы 700С су моншасында бірнеше минут қыздырады. Сұйықтық көк-күлгін түске боялады.



5-тәжірибе. Гистидинге түсті реакция (Паули реакциясы).
Жұмыс барысы: 5%-ті тұз қышқылындағы 1%-тік сульфанил қышқылының 1 мл-іне 0,5%-тік натрий нитритінің 2 мл ерітіндісін қосып, мұқият араластырып, артынша 2 мл 0,01%-тік гистидин немесе белок ерітіндісін қосып, тағы да араластырып, оның үстіне 6 мл 10%-тік сода ерітіндісін қосады. Сонда пробиркадағы сұйықтық шие-қызыл түске боялады. Осындай түстің пайда болуы белок молекуласында гистидин мен тирозин амин қышқылдарының болуына байланысты.
Бұдан қышқылдандырылған сульфанил қышқыл натрий нитритімен әрекеттескенде диазоттану реакциясы жүріп, диазобензолсульфон қышқылы түзіледі:



Сульфанил қышқылы n – сульфобензолдиазоний
(диазобензолсульфон қышқылы)

Осы диабензолсульфон қышқылы гистидинмен әрекеттесу нәтижесінде төмендегідей шие-қызыл түсті қосылысты береді.



Гистидин 2,5-Бис-n-сульфобензолазогистидин
6-тәжірибе. Фоль реакциясы. Бұл реакция арқылы құрамында күкірті бар амин қышқылдары ашылады.

Цистин цистеин метионин

Цистеин мен цистин молекулаларындағы күкірт онша күшті байланыспағандықтан, оны негіз бен күкіртсутек түрінде оңай гидролиздеуге болса, ол әрі қарай сілтімен әрекеттесіп натрий немесе калий сульфидтерін береді.


Сульфидтер қорғасын ацетатымен әрекеттескенде (плюмбитпен) күкіртті қорғасынның қара тұнбасын түзеді. Реакцияның теңдеулері төменде көрсетілгендей жүреді:



Цистеин Серин

Pb(CH3COO)2 + 2NaOH → Pb(OH)2 + 2CH3COONa


Pb(OH2) + 2NaOH → Na2PbO2 + 2H2O


Плюмбит
Na2S + Na2PbO2 + 2H2O → PbS↓ + 4NaOH

Жұмыс барысы: 1-2 мл белок ерітіндісіне 1-1,5 мл 10%-ті NaOH қосып, қайнағанша қыздырамыз. Содан кейін бірнеше тамшы Pb(CH2COO)2 ерітіндісін тамызсақ, қара түсті тұнба түзіледі.


7. Нитропруссид реакциясы. Бұл реакцияда күкірті бар амин қышқылдарын анықтау үшін пайдаланылады.
Жұмыс барысы: 1-2 мл белок ерітіндісіне 2-3 мл сілті ерітіндісін қосып қайнатамыз. Суығаннан соң жаңадан даярланған бірнеше тамшы 10-ті натрий нитропруссидімен әрекеттесу нәтижесінде қызыл-қоңыр түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет