6-тәжірибе: Белоктарды алкалоидты рекактивтермен тұнбаға түсіру.
Алколоиотер-құрамында азот кездесетін күшті физиологиялық әсері бар заттар қатарына жатады. Көпшілігі, олардың гетероциклды қосылыстар, пиридин, пиррол, пирролидин, хинолин, индол, пурин және т.б. туындылары болып келеді. Алкалоидтарға, мысалы морфин, папверин, атропин, кофеин және емдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірқатар басқа да қосылыстар жатады.
Белоктар қышқылдық ортада сары қан тұзының ерітіндісінің [K4Fe(CN)6] пикрин қышқылың С6Н2(NO)2OH және танин әсерінен тұнбаға түседі (бұл қосылысар алколоидтарға реактивтер болады). Белоктар, гистондар, протаминдер, яғни негіздік белоктар жоғарыдағы реактивтермен бейтарап ортада тұнбаға түседі.
Жұмыс барысы: Үш пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, әрқайсысына 1-2 тамшы концентрлі сірке қышқылын қосамыз. Онан соң 1-ші пробиркаға бірнеше тамшы 5%-тік сары қан тұзын [K4Fe(CN)6], 2-шіге қаныққан пикрин қышқылын, 3-шіге таниннің ерітіндісі қосылады. Сонда тұнбаның түзілгенін байқаймыз.
7-тәжірибе: Фенол мен формалинмен белокты тұнбаға түсіру.
Жұмыс барысы: 2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, біреуіне сондай мөлшерде қаныққан фенол, екіншісіне қаныққан формалин ерітіндісін қосады. Пробиркадағы сұйықтықты араластырып, бірнеше минут өткеннен кейін тұнба түзілгенін көреміз. Формалин мен фенолдың дезинфекциялау әсері олардың белокты ұйытуына негізделеді. Осыған байланысты олар түрлі зиянды бактериаларды құрта алады.
Бақылау сұрақтары
Аминдерге тән қасиетті көрсет?
Қандай амин қышқылдар гидрофобты?
Гидрофильді аминқышқылдарының радикалдарында қандай функционалды топ бар?
Қандай аминқышқылдар гидрофильді?
Аланинге қандай қасиет тән?
Зертханалық жұмыс №5
Ферменттер.
Клеткалардағы биохимиялық процестерді катализдеуші заттар ферменттер деп аталады. Барлық ферменттердің белоктық табиғаты болады. Катализдік процесс фермент молекуласының белгілі шағын бөлігінде ғана дамиды, бұл бөлік актив центр деп аталады.
Ферменттердің актив центрлерінің құрылысы жалпы алғнада толақ зерттеле қоймаса да көптеген ферменттерде кездесетін маңызды атом топтарын көрсетуге болады: сериннің амин қышқыл гидроксиді, цистеиннің сульфогидриль тобы, гистидиннің амин қышқыл құрамына енетін амидазол сақынасы, аспарагин және глутамин қышқылдарының карбоксиль топтары, лизин амин қышқылының амин топтары. Осы топтардан биологиялық катализатордың әр алуан актив центрлері құрылады.
Ферменттердің қатал классификациясы бар, онда биокатализаторларды тездету арқылы жүзеге асырылатын реакциялардың ерекшелігі ескеріледі. Олардың ең маңыздылары: екі атом арасындағы химиялық байланысты үзіп, су қосу, бір молекуладан екінші молекулаға атомдар топтарын тасымалдау, тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Реакциялардың осы типтері тездететін катализаторлардың жәрдемімен өте көп процестерді жүзеге асыруға және кез келген молекуланы организмге қажетті басқа қосылыс алынатын етіп өзгертуге, ал энергияны өте тиімді пайдалануға болады.
Ферменттердің активтігі реакцияға қатысушы ортаның құрамына байланысты. Кейбір химиялық заттар фермент активтігін тездетсе (активатор), ал басқалары төмендетеді (ингибиторлар).
Ферменттер екі топқа бөлінеді: протеин-ферменттер (жәй белоктар), протеид-ферменттер (күрделі белоктар).
Протеин ферменттер – амин қышқылдардан түзілген және олардың каталитикалық қасиеттері сол белоктардың молекуласының қасиеттеріне байланысқан. Бұл ферменттер тобына көптеген гидролитикалық ферменттер жатады.
Протеидті ферменттер – құрамында белоктармен қатар, басқа да нуклеотидтер, гимин тобы, витаминдер және металдар атомы жатады. Бұларға тотығу-тотықсыздану реакциясына жататын ферменттер жатады.
Ферменттің аталуы, өзі әсер ететін 1субстрат атына «аза» жұрнағы жалғану арқылы оқылады. Мысалы, органикалық қосылыс молекуласындағы сутек атомының бөлініп шығу реакциясын және оларды басқа заттар молекуласына өтуін катализдейтін ферменттер дегидрогенизалар деп аталады (дегидрогенизация) – бұл сутегінің бөлініп шығуы. Спирттерден сутек атомының бөлініп шығуын катализдейтін ферменттер алкогольдегидрогеназалар деп аталады.
Субстрат – бұл фермент әсер ететін қосылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |