бекітіңдер. Егер реакция тым баяу жүрсе сәл қыздырыңдар. Бөлініп жатқан күкіртсутектің иісіне назар аударыңдар.
Түтіктің аузына ылғалданған көк лакмус қағазын апарсаңдар, оның қыіарғанын байқайсыңдар. Осы кезде түтіктің
аузына от жақындатып көріңдер. Ішінде суық суы бар колбаны п тигізбей ұстаңдар. Колбаның түбінде су
тамшыларының түзілгенін көруге болады (4-сурет). Колбаның сыртындағы суды сүртіп,
жалынға тигізіп қайта
ұстаңдар, шала жанудан колбада күкірт бөлінгенін байқасыңдар (5- сурет). Осы процестерді орындап болғаннан кейін,
күкірсутекті шыны түтіктің ұшына резеңке түтік жалғастырып, суы бар ыдысқа жіберіңдер . Сөйтіп күкіртсутектің
судағы ерітіндісін даярлаңдар. Күкіртсутектің улы екенін ескере отырып, тәжірибені тартпа шкафта жасаңдар. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
№8-5. Күкірт (IV) оксидін алу. Ол үшін колбаға концентрлі күкірт қышқылын құйып, оған мыс сымды салыңдар.
Колбаның аузын газ шығатын имек түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Колбаны штативке бекітіп, асбест торының үстіне
орналастырыңдар. Спирт шамның жалынында жайлап қыздырыңдар. Мыс пен қышқыл әрекеттесіп, күкірт (IV) оксиді
бөлінеді. Оны құрғақ сынауыққа жинап, аузын әйнек шынысымен жауып,
кристалдағыштағы суға төңкеріп,
батырыңдар. Сынауықтың ішіне судың көтерілгенін байқаңдар. Ол суға көк лакмус қағазын батырып көріңдер. Реакция
теңдеулерін жазыңдар.
Cu + H
2
SO
4
= SO
2
+ H
2
O =
№8-6. Күкірт қышқылының қыздырғанда айырылуы. Ол үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Темір пластинкаға бір
тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызыңдар. Пластинканы штативке бекітіп, спирт шаммен қыздырыңдар.
Ақ түтіннің түзілуіне назар аударыңдар. Күкірт қышқылының айырылу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
№8-7. Күкірт қышқылының органикалық заттарға әсері а) концентрациялы күкірт қышқылының органикалық
заттарға қалай әсер ететіндігін білу үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Ағаш жаңқасын стақанға құйылған
концентрациялы күкірт қышқылына батырсаңдар, ол бірден көмірленбейді.
Егер спирт шаммен қыздырып, суын
буландырып кептірсе көмірленеді. Екінші тәжірибе – жіңішкелеу ағаш жаңқасын сұйылтылған (1:5) күкірт қышқылына
малып алып, қағазға жазу жазыңдар. Оны спирт шамның жалынында (жағып алмай) кептіріңдер. Қышқылдың суы
буланып ұшып кеткеннен кейін, қышқыл біртіндеп концентрацияланып, қағаздың
қышқыл жаққан жерін
көмірлендіреді. Соның нәтижесінде жазу көрінеді. ә) стақанға оның көлеміне қарай бірнеше грамм ұнтақталған қант
салыңдар. Оны шамалы сумен ылғалдап, үстіне 2-3 мл концентрациялы күкірт қышқылын құйыңдар, шыны таяқшамен
аздап араластырыңдар. Осы кезде қант көбіктеніп, көлемін ұлғайтады. өздерің жасаған тәжірибелерді бір-бірімен
салыстыра отырып, түсіндіріңдер.
№8-8. Күкірт қышқылы мен оның тұздарына сапалық реакциялар. Күкірт қышқылы мен оның тұздарын басқа
қышқылдардан, тұздардан ажырата білудің бірнеше әдісі бар. Оның ішінде ең қолайлысы суда еритін хлорлы барий
тұзымен ажырату. Ол үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Бес сынауық алып, оларға мына ерітінділерді құйыңдар: H
2
SO
4
,
CuSO
4
, Na
2
SO
4
, Na
2
SO
3
, Na
2
CO
3
. Сонан соң әрқайсысына 1-2 мл хлорлы барий ерітіндісін қосыңдар. Бәрінде де тұнба
пайда болды. Тұнбаларды біраз тұндырып қойып, бетіндегі сұйықтықты төгіп тастап, бәріне концентрациялы тұз не
азот қышқылын құйыңдар. Сонда күкірт қышқыл барий тұздарының концентрациялы қышқылдарда ерімейтінін
көресіңдер. Тек соңғы екі тұздың тұнбасы концентрациялы қышқылдарда біршама ериді.
Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: