Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру



бет87/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

Жаңартуға сұраныс.
Бұл сұраныс тапсырылатын шарттарға сәйкес, жазбалардағы мағынаны жаңартуға көмектеседі. Сұранысдың конструкциясы келесідей:
UPDATE “<файл кестемен>”
SET<өріс>=< мағына>{,< өріс>=< мағына>}
[WHERE <таңдау шарты>]
Сұранысдың кейбір бөліктерін қарастырайық:
SET- сақталған сөз, одан мағыналар тізімінің тапсырма операторы басталады; <өріс>=< мағына>{,< өріс>=< мағына>} – осы өрістерге қолданылатын өрістер мағынасының тізімі; [WHERE <таңдау шарты>]– мәліметтердің жазбалдарын жаңартатын тапсырма операторы.


Жоюға сұраныс:
Бұл сұраныс кестеден жазбаларды жоюға мүмкіндік береді. Сұранысдың конструкциясы келесідей:
DELECT FROM “<файл кестемен>”
[WHERE <таңдау шарты>].
Мәліметтер қорына сұраныс (Query)
Table компонентінің біреуін қолдану тек бір кестемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бірнеше байланысқан кестелермен жұмыс істеген кезде, Table компонентінің сәйкес санын жасау керек.. Бұл жағдайда TDBDataSet класcына жататын TQuery класының Query компонентіне алған жөн. Бұл компонент SQL- сұранысының көмегімен бірнеше кестелердің негізінде мәліметтерді таңдауды анықтауға мүмкіндік береді. Сол сияқты мәліметтер қорының кестесі шамадан артық болғанда қолдануға ыңғайлы; бұндай жағдайда сұранысдың көмегімен қарастырылып отырған мәліметтердің таңдауын шектеуге болады. Бұл компонентаны пайдалану SQL тілінің білуіне байланысты.
Delphi SQL операторын Query компонентi көмегімен жасауға болады:
1) формаға Query, DataSource объектілерін енгізіп, оларды бір-бірімен байланыстыру;
2) DataBaseName қасиетінің TQuery объектісіне жалған ат қою;
3) SQL қасиетінің көмегімен SQL тапсырмасын белгілеу;
4) True мағынасында Active қасиетін бекіту.
Егер әрбір қадам дұрыс аяқталған болса, егер BDE нақты бекітілген болса, тор белгіленген кестеден жазбаны сақтау керек.
Статистикалық сияқты динамикалық та (немесе сұраныслар параметрлермен) Delphi мәліметтер қорына SQL-сұранысын жасай алады, онда сұранысдың мәтіні өзгермейтін болып қалады. Динамикалық SQL-сұраныслар бағдарлама орындау барысында өзгертіле алатын жазба таңдау шартының негізінде анықталған параметрлерді кіргізеді. Бұл жағдайда бір динамикалық сұранысдың көмегімен қосымшаны орындау кезінде әртүрлі нәтижелерді алуға болады. Динамикалық сұраныслардың синтаксистік конструкциялары статистикалыққа сай, бірақ оларда жазбаларды таңдау шарттарын анықтайтын секциясында мағынасының орнына <параметр >, мұндағы параметр – параметрдің атауы, оның орнына қосымшаны орындау кезінде мағына қойылатын болады.
TQuery класында TDataSet, TBDEDataSet және TDBDataSet кластарынан алған келесідей маңызды қасиеттерін атап айтқан жөн:
Local- кестелердің орналасуын анықтайды (True – локальды кестелер, False SQL-серверіндегі кестелер); қасиет тек қана оқуға.
RequestLive- логикалық түрдің қасиеті (False мағынасын білдіреді), сұранысды орындау нәтижесінде алынған мәліметтерді өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Бұл мүмкіндік сұранысларда да бар, егер қасиет True мағынасына ие болса. Ал қалған сұранысларда нәтиже тек қана оқуға арналған. Бұндай жағдайларда сұраныс сәтті екенін көру үшін CanModify қасиетін қарауға болады, егер кестені SQL сұранысы бойынша түзету керек болса, онда SQL Update командасын қолданған жөн.
SQL Tstrings түрінің қасиеті, Open немесе ExesSQL тәсілдерін орындаған кезде пайдаланылатын SQL-сұранысының мәтінін анықтайды.
UniDirectional- сұраныс орындаудың нәтижесінде алынған мәліметтерді таңдау бойынша курсордың қозғалу бағытын анықтайды.
UpdateMode - TUpdateMode қасиетінің түрі, аралық буферден жазбаларды жаңарту тәсілін анықтайды. TQuery компонентасының келесі қасиеттері динамикалық SQL-сұранысларда пайдаланылады. Олардың кеейбіреуін мысалға келтірейік:
DataSourсe – TDataSourсe түрінің қасиеті, мәліметтер көздерін анықтайды олардың өрістерінің мағынасы динамикалық сұраныс үшін параметлер сияқты пайдаланылады.
Params [Index] - TParams түрінің қасиеті, динамикалық сұранысда параметрлерді анықтайды TParams түрінің элементтер тізімін құрайды. Бұл қасиеттің көмегімен параметлер мағынасының редакторында бастапқы параметрлерінің үлкендігі құралады. Сұранысдың параметлер мағынасының редакторына ауысу үшін бұл қасиеттің мағынасын тышқанмен жандандыру керек.
Exes SQL – процедурасы SQL сұранысын орындайды.
Prepare – процедурасы синтаксисті және оптимизацияны тексеру үшін BDE-ге сұраныс жібереді. Динамикалық сұраныслар үшін орындауға ұсынылады. TQuery компонентасымен өңделген оқиғалар толықтай TDataSet класынан алынады.
Params қасиетінің көмегімен бағдарлама тәсілімен динамикалық сұранысға ауысу байланыстарын ауыстырған кезде әдетте келесі қадамдар орындалады:
1) міндетті түрде кестенің жабық екеніне көз жеткізу керек;
2) Prepare командасын беру көмегімен TQuery объектісі дайындалады;
3) Params қасиетіне нақты мағыналар иеленеді;
4) Сұраныс ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет