Зертханалық ЖҰмыс №1 Органикалық синтез зертханасындағы қауіпсіздік шаралары Біратомды спирттердің қасиеттерін зерттеу органикалық химия зертханасында өртке қауіпті заттармен жұмыс жасаудың Қауіпсіздік ережелері


Өткір және улы заттармен жұмыс істеу ережесі



бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі158,29 Kb.
#94797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1

3. Өткір және улы заттармен жұмыс істеу ережесі.

      1. Зертханадағы әр затты улы деп ойлап, абайлап жұмыс жасау қажет.

      2. Улы заттарды пипеткаға ауыз арқылы сорып алуға болмайды, себебі ауыздың наласы күйіп, уланып немесе дәм сезу мүшесі қызмет атқармай қалады. Бұған арнайы әмелше (груша) қолданылады.

      3. Барлық улы газдар мен бу бөлетін жұмыстарды тартқыш шкаф астында жүргізеді.

      4. Жұқа қабатты ыдысқа концентрлі қышқылды құюға рұқсат жоқ.

      5. Қол жуғышқа оңай ұшқыш, жағымсыз иісі бар, сондай-ақ қышқылдар мен сілті ерітінділерін бейтараптамай құюға болмайды. Тартқыш шкафтың астында қажет емес заттарды құятын арнайы ыдыс бар.

      6. Зертханадағы заттардың дәмін татып көруге болмайды. Затты абайлап иіскеп көру керек, ол үшін зат құйылған колбаны немесе шыны түтікті толық тыныстамай қолды ыдыс бетінде ары-бері желпіп көріп иіскейді.

      7. Органикалық заттарды сұйылту және қоспа жасау үшін (яғни жылу бөле жүретін реакцияларға) температураға төӛзімді ыдыстар қолданылуы қажет. Күкірт қышқылын сұйылтқанда суды қышқылға құюға болмайды, себебі қопарылыс беруі немесе күйіп қалуларыңыз мүмкін.

      8. Зиянды газ бөле жүретін заттарды жұмыс орнында қыздырмаңыздар.

      9. Майда заттарды өлшеу кезінде таразы табақшасына төгуге немесе шашуға болмайды.

      10. Шыны ыдыстағы ыстық затты алып жүру үшін екі қолмен ұстау керек, бір қолмен ыдыстың мойынынан екінші қолмен түбінен ұстау қажет.

      11. Ыстық зат құйылып тұрған ыдыстың үстіне еңкеюге болмайды.

      12. Қышқыл немесе сілті төгілген жағдайда бейтараптау қажет, құм сеуіп, оны алып тастағаннан кейін қалғанын сумен жуу керек.

      13. Өртке қауіпті, улы, оңай жанғыш заттарды қол жуғышқа, қоқыс салатын жәшікке салуға болмайды.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет