Кейбір реактивтермен, ерітінділермен жұмыс істеу ерекшеліктері
Металды натриймен жұмыс істеу
Металды натриймен жұмыс істеу кезінде үстел үстінде су болмау керек, кері тоңазытқыштың шлангасынан шашыраған су, ашық қалған краннан шашыраған су да болмауы тиіс. Натрийді құрғақ ақ қағазда арнайы көзілдірік пен қолғап киіп кесуге болады. Қолға арнайы қолғап кимей жатып металды ұстауға болмайды. Жұмыс аяқталған соң қалған натрийді тазалап, жинап артылғанын мұғалімге беру керек. Жұмысқа қолданылған ыдысты жуар алдында ыдыста натрий қалды ма, жоқ па мұқият қарау керек.
Металды натрийдің уақ қалдықтарын спиртте ерітуге болады.
Броммен жұмыс
Броммен жұмыс жасау барысында бромның улы екенін есте сақтау қажет!!! Ол көз жанарына әсер етеді, күйдірген жері ұзаққа дейін жазылмайды. Броммен жасалатын барлық жұмыстар тартқыш шкафтың астында жасалады. Бромды бөлгіш құйғыға (делительная воронка) құю үшін жәй құйғы (воронка) қолданылады, ол үшін бөлгіш құйғының кранын тексеріп, вазелинмен немесе глицеринмен майлау керек.
Бромға күйген жағдайда күйген жерді спиртпен жуады.
Достарыңызбен бөлісу: |