8. Логикалық тип мәндері JavaScript тілінде айнымалылар логикалық типтегі мәндерді қабылдай алады. Мұндай тип true және false тәрізді екі түрлі мән қабылдайды.
9. Қиын шарттар Құрамына арифметикалық және тіркестік (строковые) өрнектер кіретін шарттар алғашқы кездерде қиындықтар туғызады. Оларды түсіну үшін алдымен шарттар құрамындағы арифметикалық және тіркестік өрнектер мәнін есептер алу керек, сонан соң барып олардың мәні логикалық true және false мәндерімен салыстырылады.
«Қасқыр» және «крокодил» сияқты тіркестік константа-лар және де 25 және 3.14 тәрізді сандық константалар-дың барлығы да логикалық true мәніне сәйкес келеді. Сәйкесінше, олардың логикалық терістеу мәндері false болады.
10. Балама мән енгізу Егер екі балама мәннің бірін таңдап алу керек болса, онда prompt функциясын пайдалану керек :
Бірақ бұдан гөрі қарапайым әрі жеңіл тәсіл бар — ол confirm функциясын пайдалану:
confirm("жазу"); Бұл функция былай істейді.Экранға екі батырмасы бар терезе шығады:
Егер ОК батырмасын шертсек, confirm функциясы true мәнін қайтарады,
ал егер Отмена (Cancel) батырмасы шертілсе – false мәні қайтарылады.
Олардың орнына соларға эквивалентті және пернелерін де пайдалануға болады.
Мысалы: if(confirm("Хлеба и зрелищ?")) alert("Смотри сейчас, а кушай после!");
else alert("И, словом, тот хотел арбуза,\n" + "А тот соленых огурцов."); Осы кодты орындағанда, экранға оң жақ суреттегі терезе шығады. Сонан соң ОК батырмасы шер-тілсе, сол жақ терезедегі мәнді шығарады, ал Отмена басылса, оң жақ терезедегі мән шығады.