7.3. БірнешеHTML-файлдарға арналған стиль Әдетте бірнеше файлдарға арналған стильдер басқа бір жеке файлға бөлек жазылады. Мұндай файл типі (кеңейтілуі) css болып жазылады.
Осы стильдерді іске қосу үшін HTML-файлдың тақырып ... бөлігіне мынадай сілтеме орналастыру керек:
стильдік анықтау
body {margin-left: 40рх;} барлық жолдар үшін сол жақ шеттен 40 пиксель шегініс береді. Міне, HTML тіліндегідей кесте қолданбай, өріс көрсетпей, стиль арқылы ғана осындай мүмкіндіктер жасауға болады екен.
7.4. Аралас стильдерді пайдалану Сонымен HTML-кодтары үшін стильдерді пайдаланудың үш тәсілі бар екен:
Енді осы тәсілдерді араластыра пайдаланып көрейік. Олардың қайсысы басым екенін мысалдар арқылы қарастырайық.
тәгіндегі CSS-нұсқаулар
Енді осы файлды пайдаланатын HTML-құжат коды мен оның бейнесін қарастырайық.
Сонымен, CSS арқылы мыналар атқарылады:
· өрістер, шегіністер, қаріп мөлшері (көлемі) және типі, мәтін түсі мен фоны, т.б. парақтың жекелеген элементтері (абзацтар, сөздер, әріптер) үшін беріледі.
· жүздеген файлдардан тұратын толық сайт үшін оның безендірілуін HTML-кодқа тимей, тек бір ғана CSS файлын түзету арқылы өзгерту;
· HTML-құжаттың ішкі тәгтері санын азайтып, оның ішкі ақпараттық мазмұнын браузер экранының сыртқы түсінен бөліп жеке стильдер түрінде жазып шығу.