7.1. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль Мысалы,
тәгі арқылы нақты бір абзац қалай бейнеленетінін былай көрсете аламыз:
<Р > Бұл абзацқа стильдік анықтау тәсілі қолданылып отыр.
Стиль style атрибутымен берілген. Мұнда браузерге абзацты көлемі 1.5 сантиметр болатын жасыл әріптермен жазуға нұсқау берілген.
Стильді анықтау мынадай түрде жазылады:
сипаттама:мәні; font-size:1.5cm; color:green; Әрбір анықтаулар бір-бірінен «;» символы арқылы бөлініп жазылады. Style атрибутын оның параметрлері арқылы әрбір тәгке қолдана аламыз. Енді стильдер қолданылатын толығырақ бір мысал қарастырайық.
1.2. Жеке HTML-файлына арналған стиль Стильді тек бір тәг үшін немесе бірнеше тәгтер үшін бір рет жазылған анықтаулар HTML-құжатының басынан соңына дейін әсер ететіндей етуге болады.
Мысалы, барлық тәгтер атауларын тізіп, стильдік анықтауларды құжаттың тақырып бөлігіне орналастыру қажет. Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадайблок ішіне жазылады
және HTML-комментарий ретінде жазылады.
Бұл мысалда үш сипаттама былай берілген:
Geneva, Helvetica, sans-serif;
Тақырыптар Arial Cyr қарпімен берілуі тиіс (егер тұтынушы компьютерінде ол бар болса). Егер ол қаріп (қаріп) болмаса, браузер келесі көрсетілген Geneva, Helvetica қаріптерді немесе әйтеуір бір жұмыр қаріпі ( «sans-serif») пайдаланады. Егер бір де бірі табылмаса, «үнсіз келісім бойынша қаріпті» (қаріпом по умолчанию), яғни көбінесе Times New Roman қарпін қолданады.