4.7. Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
HTML тәгтерінің көбісі қолдану кезінде өздерінің негізгі қызметтерінен басқа мақсаттарда пайдаланылып жатады, мысалы, кестелер парақтарды белгілеу үшін қолданылады. Сондықтан форма элементтерін қолдану кезінде әр түрлі тәжірибе жасаудан тартынуға болмайды.
Осындай мақсаттарда таңдау менюін пайдаланған ең ыңғайлы тәсіл болып табылады. Суырылып шығатын меню ақпараттық ағынға енгізілген мәтіндік алап (жол) қызметін атқара алады.
Тапсырмалар:
Төмендегі суретке сәйкес форма жасаңыздар. Оны безендіруге қойылатын талаптар:
1) Пароль өрісі 10 символдан аспауы тиіс және енгізілген мәліметтер көрсетілмейтін болсын.
2) Барлық сұрақтар нөмірлері ішінен тек біреуі ғана таңдалуы тиіс, алдын ала келісім бойынша бірінші сұрақ таңдалуы керек;
3) Сұрақ жауаптарына арналған өріс әрқайсысы алпыс символдан тұратын төрт жолды қамтуы тиіс, бастапқы мәні – "?????";
Бақылау сұрақтары:
Формалардың атқаратын қызметі, орындалу тәгі және атрибуттары.
4. Енгізілген мәліметтерді тазалау қалай орындалады?
№5 тапсырма (зертханалық жұмыс)
тапсыру мерзімі: 2 апта, 5 балл
HTML тіліндегі стильдердің сатылы кестелері
CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық әрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |