Зертханалық жұмыс №1



бет15/20
Дата28.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#188934
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
zerthanal k zhum s 1 2

Бақылау сұрақтары:
1. Шұжық өнімдерінің өндіру технологиясын келтіріңіз.
2. Шұжық өндірісінде қандай процесстер жүреді?
3. Шұжық өнімінің негізгі көрсеткіштерін қалай анықтайды?

Зертханалық сабақ № 10. Қазы, карта, жал, жаяны сапсын анықтау.

Органолептикалық әдістер
Қазы А) қабықшаның жағдайы: сырты таза, бүтін, кірленбеген, кілегейсіз, көгермеген, ақшыл-сұр түсті. Б) қабықша астындағы қазының жағдайы: түсі қою-қызыл, көгеру белгілері жоқ, кілегейсіз, таза, майының түсі ақшыл немесе сары. В) кескендегі түрі- түсі: боялуының біркелкілігі мен дақтардың бар жоқтығына көніл аударады.- Сапалы өнімнің түсі: қызылдан қою-қызылға дейін біркелкі боялған дақсыз, майының түсі ақшыл сары, сарғыш немесе қоныр.Г) консистенциясы. Сапалы өнімнің консистеннциясы – тығыз, тері асты майы қоймалжың немесе тығыз.Д) Иісі. Сапалы өнімнің иісі – жағымды, балауса тұздалған өнімге тән, дәмдеуіштер қосылған.
Қарта А) Сыртқы түрі- таза, кірленбеген, көгермеген, кілегейсіз, геморрагиялық қабыну процестері жоқ; кілегей қабықша жағындағы қатпарларының түсі- қызғылт ; сірілі қабықша жағының түсі қызыл-сұр ; ішек түтігіндегі май ұлпаларының түсі: ақшыл- сары, сары. Б) Консистенциясы- жұмсақ, майының консистенциясы – қоймалжың.
Зертханалық зерттеулер
Бактериоскопия- боялу деңгейі; микроорганизмдер саны. Зерттеуге арналған қазының сыртын спиртовкада күйдіріп , стерилденген қайшымен мөлшері 2,0 х 1,5 х 2,5 см бір кесек ет кесіп алып, төсеніш шыныға жұғын-таңба жасалады. Препаратты ауада кептіреді, жалынға үстап бекітеді Грамм әдісі бойынша бойды да, микроскоп арқылы зерттейді.
Сапасы жақсы өнім- әлсіз боялған беткі қабатында бір-екі коккилер мен таяқшалар .Терең қабатынан дайындалған жұғындыда микробтар кездеспейді.
Сапасы күмәнді- анық боялған, беткі және терең қабатынан дайындалған жұғындыда микроптар саны 10-30-ға дейін.
Сапасы нашар болғанда- қою боялған препараттың көру аймағында микроптар саны 30-дан артық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет