Зертханалық жұмыс 12. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен торларының түрлері



бет2/2
Дата08.04.2020
өлшемі148,91 Kb.
#61954
1   2
Байланысты:
Document

3-сурет. Трог аңғарының көлденең кескіні. Т - трогтың табаны;

П - трогтың иығы (О. К. Леонтьев, Г. И. Рычагов, 1988)

Көмбе аңғарлар (погребенные долины) - көне өзен пішіндері, олар әдетте борпылдақ төрттік кезең түзілімдермен көмілген. Орталық Қазақстандағы Сарыарқа даласында көмбе аңғарлар жиі кездеседі (4-сурет). Тоқырау, Қусақ, Шар және т.б. өзендердің аңғарлары осы көмбе аңғарларға жатады. Кезінде көмбе аңғарлардың аумағы қазіргі кезеңмен салыстырғанда суы мол, өзен торлары кең ауқымды қамтыған. Кейін физикалық-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзендердің суы тартылып, аллювийлік түзілімдері азайып, аңғарлардың аумағы едәуір кішірейген. Орталық Қазақстандағы кейбір аңғарлардың қазіргі көлемі көне аңғарлардың оннан бір бөлігін ғана қамтиды.



Көмбе аңғарлардың халықшаруашылығындағы маңызы зор. Олар әр түрлі шашылымдардың, жерасты суларының және құрылыс материалдарының кенорны болып табылады. Мысалы, Балқаш қаласын ауыз сумен жабдықтау түгелімен Тоқырау өзенінің жерасты суын сақтаған құмды қабаттар есебінен қамтамасыз етіледі.

Су асты аңғарлары (подводныв долины) өзен сағасынан теңіз түбіне қарай жүздеген, мыңдаған километрге дейін созылады. Мәселен, үстінен, ғарыштық суреттерден қарағанда Үнді мұхитының түбінен Инд пен Ганг өзендерінің су астындағы жалғасы айқын көрінеді. Сібір өзендерінің (Обь, Лена) су асты жалғасы 200-300 километрге жетеді. Дүние жүзіндегі суы мол Амазонка өзені ағысының ықпалы өзі құятын Атлант мұхит түбінің бедеріне де едәуір әсер етеді.





4-сурет. Көмбе аңғар. Тоқырау аңғарының төменгі бөлігіндегі геологиялық кескіні. 1 - құмдақтар; 2 – гравий мен малтатастар аралас әртүйірлі құмдар; 3 – гипс аралас қызыл-құба саздар; 4 – бозғылт-жасыл саздар; 5 - түпкі тау жыныстары (С.А.Құсайынов, 1965)

Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын көбінесе суға батып кеткен құрлықтағы өзен аңғарлары десе, екіншілері оларды өзеннің су асты эрозиялық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді.

Өз орнын ауыстырып түратын тармақтар торын құрайтын немесе өз ағысының бағытын түгелдей өзгертіп тұратын өзенді «адасқан өзен» (блуждающие реки) дейді (мысалы, Тарим және Әмударияның төменгі ағыстары.

Жалпы жер бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялық жағдайын анықтауға, пайдалы қазбалардың кен қорларын іздестіруге (әсіресе, шашылымдарды анықтауға), гидротехникалық құрылыстар мен су электр станцияларын салуға, суару каналдарын жүргізуге және басқа инженерлік-құрылыстар тұрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі.



Өзен торларының түрлері

Өзен торларының сипаты мен құрылымы құрлық бетіне түсетін судың мөлшері мен қарқындылығын, осы судың ағу жағдайларын және құрлықтың төсеніш бетінің шайылуға төзімділігін белгілейтін физикалық-географиялық жағдайлардың күрделі арақатынасы арқылы анықталады.



Өзен торларының пландағы конфигурациясы дендриттік (ағаш бұтағы тәрізді), параллель, радиалды, қауырсын тәрізді және т.б. типтерге бөлінеді (5- сурет).



5-сурет. Өзен тораптарының түрлері: А) радиалдық орталықтан тепкіш; Б - радиалдық орталыққа тартқыш; В - параллельді; Г - бұтақ тәрізді; Д - кереге көз тәрізді; Е - қауырсын тәрізді

(О. Леонтьев, Г. И. Рычагов, 1988)

Өзен торының дендриттік типі біртекті таужыныстарынан түзілген аудандарда пайда болған. Мұнда өзеннің негізгі арнасы мен салалары ретсіз таралған. Мұндай ретсіз таралған өзен торының арасында басты өзен мен оның салаларын ажырату мүмкін емес. Айталық, Еділ өзені жүйесінің бастауында негізгі өзен арнасын табу қиынға түседі. Ал, өзеннің салалары негізгі өзен арнасына екі жақтан бірдей симметриялы құйылса, онда қауырсын тәрізді су торы қалыптасады. Осыған ұқсас су торы қатпарлы және куэсты дамыған аймақтарда кездеседі. Кереге көзді (решетчатый) немесе ортогональды өзен торының арналары мен салаларының бөлікшелері планда өзара тік бұрышты түзеп, тектоникалық жарылымдар бойына сәйкес келеді. Сөйтіп тектоникалық жарылымдар бойымен қалыптасқан эрозиялық пішіндер олардың бағытын қабылдап, планда ортогональдық сипат алады. Өзен тораптарының осындай түрлері қатпарлы аймақтарда жиі кездеседі (Орал өзеннің бастауында).



Параллель келген су торлары бір бағытта немесе қарама-қарсы бағытта ағуымен сипатталады. Олар қатпарлы аймақтардың шеткі жағында, теңіз су деңгейінің астынан жаңадан босап шыққан көлбеу жазықтардың үстінде дамиды. Радиалдық ағын сулар орталықтан тепкіш немесе орталыққа тартқыш өзен жүйелерін құрады. Мұндай өзен тораптары жанартау аймақтары мен тауаралық ойпаттарға тән. Шеңбер және айыр тәрізді су жүйелері әдетте тұзды күмбезді жоталардың етек жағын жиектейді немесе төзімділігі әркелкі таужыныстарынан құралған брахиантиклиндық құрылымдар шегінде дамиды.

Гидрографиялық тораптардың беткейлерін зерттеудің практикалық мәні зор. Демек, олар белгілі геологиялық, климаттық және басқа табиғи факторлардың әсерінен түзеліп, белгілі ландшафтың қалыптасуында осы факторлардың маңызын анықтайды. Кейбір жағдайларда өзен тораптарының бейнесін зерттеу оларды құрастырған аймақтың геологиялық және тектоникалық құрылым ерекшеліктерін анықтаудың белгісі болуы мүмкін, яғни қатпарлы құрылымдардың және тектоникалық жарылымдар сызықтарының бағытын, таужыныстары жарықшақтар жүйесінің ара-қатынасын және т.б. анықтауға себепші болады. Басқаша айтқанда мұның практикалық маңызы бар. Мәселен, аңғар жүйесінің радиалдық түрі әдетте тұзды күмбездер және брахиантиклиндық құрылымдардың, ал кейбір жағдайларда ірі кимберлит құбырлары айналасында дамыған. Тұзды күмбездер мен брахиантиклиндар негізінен мұнай және газды сиыстырған тектоникалық құрылымдар болып саналады, ал кимберлит құбырларымен алмастың кенорындары тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет