Жаттығу жұмыстары: 1-жаттығу. Дискетаны форматтау. Дискетаны салыңыз, әрі қарай
Проводник программасын немесе Мой компьютер бумасын пайдаланып Диск 3,5 (А:) белгісін тауып, белгілеп алыңыз.
Жоғарғы мәзірдегі Файл -> Форматировать командасын немесе контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын мәзір) Форматировать командасын орындаңыз.
Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы, форматтаудың түрі Полное немесе Быстрое) қабылдаңыз да, орындауға жіберіңіз.
Ескерту!!! Форматтау сол дискідегі барлық мәліметтерді жояды.
Дискіге бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.