3-жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.
Дискетаның ( Диск 3,5(А:)) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін :
Мой компьютер терезесінен Диск 3,5(А:) белгілеп алынады.
Осы терезенің Файл мәзірінен немесе контекстік мәзірден Свойства командасы орындалады.
Пайда болған терезедегі Сервис жапсырмасының тобындағы Проверка диска бөліміндегі Выполнить проверку командасы орындалады.
Параметры проверки диска тобындағы Проверять и восстанавливать поврежденные сектора тұсына тышқанмен шертіп белгі қойыңыз., орындауға жіберіңіз.
4- жаттығу: Дискетаны вирусқа тексеру.
1. Дискетаны салыңыз.
2. Диск 3,5(А:) үшін ашылған контекстік мәзірден антивирустық программаны (Kaspersky AntiVir) іске қосыңыз.
3. Келесі дискетаны вирусқа тексеріп көріңіз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
2-кестедан алынады)
Жұмыс үстелінде … бума құрыңыз /көп нүкте орнына сәйкес бума атын кестедан аласыз, 1-тапсырма/.
Құрылған бумаға архивтелетін ... кеңеймелі файлдарды орналастырыңыз /2-тапсырма/.
… ZIP архивін құрыңыз./3- тапсырма/
Архивтік буманы дискетаңызға көшіріңіз.
Зертханалық жұмыс тақырыбын, дискілермен , бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .
2-кесте
Нұсқа№
|
1 -тапсырма
|
2-тапсырма
|
3-тапсырма
|
1
|
Текст
|
*.txt
|
Архив1
|
2
|
Документы
|
*.doc
|
Архив2
|
3
|
Рисунки
|
*.bmp
|
Архив3
|
4
|
Таблицы
|
*.xls
|
Архив4
|
5
|
Сайт
|
*.html
|
Архив5
|
Бақылау сұрақтары:
1)Дискіні форматтау не үшін қажет?
2)Дискіні дефрагментациялау не үшін қолданылады?
3)Компьютерлік вирус деген не?
4)Архивтеу не үшін қажет?
5)Жиі қолданылатын архивтеу программалары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |