1. Балықты мүшелеу кезіндегі қалдықтар саны мен шығындар мөлшерін, құрамын анықтау.
2. Балық етінің каллориясын есептеу.
3. Балық қуыру ұзақтығын анықтау.
4. Қуырылған балыққа органолептикалық баға беру.
5. Жақсылап қуыру коэфицентін есептеу.
Жұмыстың орындалу реті
1. Балықты мүшелеу кезіндегі қалдықтар саны мен шығындар мөлшерін, құрамын анықтау.
Балықтың түрін және дене салмағын анықтайды. Содан кейін жүзбеқанаттарын, басын кеседі және ішек-қарнын алып тастайды. Балықтың белгіленген денесінің әрқайсысын өлшеп алады және бүтін балықтың массасына пайызбен есептейді.