Зертханалық жұмыс



Дата21.04.2020
өлшемі242,82 Kb.
#63773
Байланысты:
21 кенселик


21.04.2020ж.

Зертханалық жұмыс

Тапсырма №1. Windows iшіндегі Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс істеу.



Жаңа құжатта 4.2 кестедегідей, үлгіге сәйкес кесте даярлап, ұсынылған пішімге сәйкес деректерді енгізіңіз 2. Кесте деректері бойынша 4.3 сурете көрсетілген диаграммалар типтеріне сәйкес диаграммалар тобын даярлаңыз.



Әдістемелік нұсқау

1. Құжатқа кесте кірістіру үшін Кесте – Кесте үстемелеу (Добавить таблицу) командасын таңдаңыз. Экранда пайда болған сұхбаттасу терезесінде кесте жолдары мен бағандарының санын енгізіңіз.

2. кестеде автоформат орнату үшін кестені ерекшелеп, Кесте - Автопішім (Автоформат) пунктін таңдау қажет.

3. Ерекшеленген кестенің сыртқы және ішкі жиектеулерін, Стандартты аспаптар панелінің Кестелер және шекаралар батырмасына «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін апарып, қажетті жиектеу түрін таңдап, сол жақ батырмасын шертіңіз.

4. Кестені деректермен толтырыңыз.

5. Кестеде тақырыпты жартылай қалыңдатылған курсивпен (полужирное), қаріп түрін – курсив, туралау тәсілін – сол жаққа (по левому краю), ортаға жылжытылған (по центру) және оң жаққа жылжытылған (по правому краю) етіп пішімдеңіз.

6. Диаграмма даярлау үшін кестені ерекшелеп, Кірістіру (Вставка) – Объект – Диаграмма MS Graph командасын таңдаңыз. Экранда деректер кестесі мен дигарамма пайда болуы тиіс.

7. Диаграмма элементтеріне (жақтаулары, қатарлары, мәндер өсі, категориялар өсі, тор сызықтары т.б.) «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін апарып, сол жақ батырмасын шерту арқылы еркшелеңіз. «Тышқан» манипуляторының оң жақ батырмасын шертіп, диаграмма элементтердің жанама мәзірін шақырып, олардың әрқайсысын үлгіге сәйкес жекелей баптаңыз.

8. Кестенің оң жағынан, әрбір өнеркәсіптен бөлінетін зиянды затар мөлшерін формаула көмегімен есептейтін тағы бір баған үстемелеңіз (жоғарыда келтірілген Кестеге жолдар мен бағандар үстемелеу, жою және Кестеде сандық ақпараттарды өңдеу, Диаграмма даярлау тақырыптарына қара).



Тапсырма № 2. Формулалар редакторы 1. Вставка – Объект – Microsoft Equation 3.0 командаларын орындап формулалар редакторын іске қосыңыз. Формулалар редакторы іске қосылған кезде Word терезесінің меню қатары өзгереді. Жұмыс аумағында тіктөртбұрыш болып объект ауданы белгіленіп тұрады (формула жазған кезде аумақ автоматты тұрде ұлғайып отырады), формулалар редакторының саймандар тақтасы пайда болады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет